Ою-өрнек жасау технологиясы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

құрау, еріту, балқыту, қию арқылы үй жиһаздарын, құрал саймандарды, киіз үйлерді, құрылыстарды зергерлік ұйымдарды, кілем, алаша, сырмақ, ыдыс-аяқ, киім-кешектерді ою-өрнектермен әшекейлеп, безендіріп отырған, оны Ахмет Ясауи, Қарахан, Айшабибі мавзолейлерінен көруге болады.
Қазақтың ұлттық ою-өрнектері мен оның атаулары көп. Ғалымдар әзірше 230-дай түрін ғана анықтады. Біз солардан халық арасында көп тараған мүйіз тектес ою-өрнектерді сөз етпекпіз. Ою өрнектің бұл тобын, қазақ халқының ою-өрнектерінің төркіні деуге болады. Өйткені барлық жаңа буындар осының негізінде жасалып, тек атаулары ғана өзгертіліп отырған. Мысалы: қошқар мүйіз, арқар мүйіз, қос мүйіз, қос алқа, құс қанаты, қаз табан және т. б. ою-өрнектердің негізгі арқауы.
Қазақтың ою-өрнегін салып, қиып үйренбей қолданбалы өнерді игеру мүмкін емес. Сондықтан оюды өзіміз ойып үйренуіміз керек.
1) Ою-өрнек дегеніміз - латын тілінен алынған "орнамент" мағынасы, сәндеу, әсемдеу.
2) Композиция дегеніміз - өрнекті бұйымның бетіне реттеп орналастыру.
Мысалы: көлемі шағын бұйымға ірі өрнек салмайды.
3) Симметрия дегеніміз - ою-өрнектің екі жағының тең болуы. Мысалы: кітаптың екі бетіндей.
4) Колорит дегеніміз - ою-өрнектегі бояу түрлерінің бір-бірімен үйлесіп, жарасым табуы.
Мысалы: қара түсті қызыл, ақ, сары түстердің ашуы.
5) Ритм дегеніміз - ою-өрнекте бір элементтің қайталанып келуі.
- Балалар, сендер "мүйіз" тектес ою-өрнектерді танып білдіңдер десе болады. Енді ЭЕМ арқылы жұмыс жасаймыз. Компьютерді іске қоспас бұрын техника қауіпсіздігін еске түсірейік.
1. Кабельдердің қосылған орындарына тиюге;
2. Жұмыс істеп тұрғанда экранға,монитор мен пернетақтаның сырт жағына тиюге;
3. Мұғалімнің рұқсатынсыз аппаратураларды тоқ көзіне қосуға

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: