ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бағытында жеке тұлғаға жүйелі, нақты білім беру. Алайда, инновациялық педагогикалық технологиялардықажетті деңгейде қолдану және осы арқылы жеке тұлғаның білім деңгейін, шығармашылық қабілетін қоғамдық сұранысқа сай қалыптастырубарлық білім беретін мекемелердің дағдылы ісіне айнала қойған жоқ. Әлі де болса көптеген оқу орындары оқыту процесін ұйымдастыру мен жүргізуде оқытудың дәстүрлі әдістері мен тәсілдерін пайдаланумен шектелуде. Инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану оқу процесін сапалы түрлендіруге, жаңашыл жобаларды енгізуге, оны тиімді басқаруға негіз болып, әрбір білім мекемесінде өзіндік даму жолын табуға, әрбір мұғалімге өзінің әдістемелік жүйесін құруға септігін тигізер еді. Сондықтан қазіргі кезеңде оқытудың инновациялық технологияларын оқу орындарының практикасына белсенді түрде ендіру – қоғам талабы.
Инновациялық педагогикалық технологияларды теориялық және ғылыми-қолданбалы бағыт тұрғысынан зерттеу арқауы етіп, оларды оқу үрдісін жетілдіру бағытында қолдану мәселелерімен В. П. Беспалько, К. Ж. Бұзаубақова, Қ. А. Сарбасова, М. М. Жанпейісова, Ш. Таубаева, Л. А. Шкутина және т. б. ғалымдар айналысты 2.
«Технология» - ұғымы соңғы кездері ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы,даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы сияқты психологиялық-педагогикалық ұғымдармен байланысы сан алуан. Жоғарыда аталған технологиялардың қай түрі болмасын, өзініңмәнінанықтап, сипаттама беруді қажет етеді. Қазіргі кезеңдегі ғылыми айналымда «технология» және технологиямен байланысты жеке ұғымдарға берілген анықтамала

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: