Ойнайық, та ойлайық

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

ҚМҚК "Дәншік" балабақшасы




"Ойнайық, та ойлайық. . . " атты математика пәніне арналған сайыс сабағы.
"Айгөлек" тобы






Дайындаған: тәрбиеші:
Акимжанова Б. Е.



Самар ауылы
2015 жыл.

Математикадан сайыс сабақ.
Тақырыбы: "Ойнайық та, ойлайық" (Ересектер тобы)
Сабақтың мақсаты: Балалардың ой-өрісін дамыту, айтылған сан бойынша заттарды санап шығу, танып, атай білуге, қанша? қандай? нешінші? деген сұрақтарға дұрыс жауап беруге талап ету. Сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде дегенді ажырата білу ұғымдарын кеңейту, сөзбен айта білуге үйрету. Уақытты бағдарлау жөніндегі білімдерін(таңертең, күндіз, кеш, түн) тереңдете түсу. Апта күндерінатап білу. Логикалық ойлау қабілетін, танымын дамыту. Зейінін ақыл-ой белсенділігін арттыру, тез ойлауға, жылдам есептеуге қызығушылығын ояту. Алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Әдіс тәсіл: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, дидактикалық, логикалық ойындар.
Көрнекілік: Математика ханшасы, эмблемалар, жұлдызшалар, қиылған геометриялы пішіндер, слайд суреттері.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру. Балалар шеңбер жасап тұрады.
Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше өтеді. Себебі бізге қонаққа көптеген апайлар келіпті. Олай болса қонақтармен амандасайық.
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылсын.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Т/ші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі? (қыс)
-Қыс айларын кім атап береді?(1 бала айтып береді)
-Қазір қай ай?(ақпан)
-Ал апта күндерін кім маған атап береді?(1 бала атап береді)
-Бүгін аптаның қай күні?(бейсенбі)
-Ол нешінші күн?(төртінші)
-Бүгін мен балабақш

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: