л - сайманға электр ара, электр сүргі, электр бұрғы, электрлік және пневматикалық ажарлау аспаптары жатады. Жинақталған кескіш бәкілермен қатар метрлік өлшегіш, сызғыш, деңгейлік рейсмус деп аталатын өлшеу - белгілеу аспаптары да, ұста балғасы, ағаш балға, қысқыш, тістеуік, егеу, қашау тәрізді көмекші аспаптар да қажет.
Енді ағаш оюға тоқталсақ, оның бірнеше тәсілдері бар. Бедерлеп ою деп тегіс тақтаның бетіне өрнек салуды, шығыңқы етіп мүсіндік бейнелерді жартылай көлемімен мүсіндеуді, яғни ағашқа бедерленетін барельефті атауға болады. Жұмырлап ою ағаш ұқсату шеберлігінің ең күрделі түрінің бірі болып саналады. Мөлтек ағаштан тұтас шабылатын келі - келсап, аяқ - табақ, ожау сияқтыларды жасау тәсілін жұмырлап оюға жатқызамыз.
Бедерлеп оюдың өзін орындалу әдіс - тәсіліне қарай тарқатуға келеді. Егер тақтаға қашау ізін тік салсаң қиып ою деп, қашау жүзін көлбеу салып нұқи ойсаң кертіп ою деп аталады. Ағаш оюға кірісу үшін не жағдай керектігіне тоқталсақ шеберхана температурасы тұрақты, жел соқпайтын ауасы ылғалссыз, құрғақ болуы керек. Ағаш оюға жарықтың да әсері бар. Жарық ағаш оятын орынға қарсыдан не сол жақтан түсуі тиіс. Сонымен қатар арнайы үстел ( верстак) болғаны жөн. Егер қарапайым үстел болса, ойып жатқан тақтай сырғып кетпеуі үшін арнайы тежегіштерді пайдалану керек.
Өткір құралдармен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережелерін орындаған жөн. Бедерлеп ою қолдың күшімен жасалатындықтан, бос қолды пышақ жүзі жүретін бағытқа апаруға болмайды. Ағашты әрлеу жұмыстарына келетін болсақ, кейбір өрнектер бірінен бірі саусақ бойы тереңдікте бөлектеніп тұратындықтан, оюларды даралап, сәнді көрінеді де, бояп әрлеуді қажет етпейді.
Ағашты әрлеудің лактау, эмалдау, жалатпалау тәрізді тәсілдері бар. Оюлы ағаш өңін өзгерту, ылғалға шыдамдылығын арттыру үшін мори
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>