Баяндама
Тақырыбы: Оқушыларды сәндік қолөнерінің түрлерімен таныстыра отырып, шығармашылықтарын дамыту
Егемен еліміздің болашағы - білім беру жүйесі мен мектептерге байланысты. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңында "Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға, кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, еңбек нарығында бәсекелесуге қабілетті білікті жұмысшылар мен мамандар даярлау, олардың біліктілігін арттыру" деп көрсетілген.
Халық ортасы сәндік - қолданбалы өнердің қайнар көзі. Оқушылармен жұмыс барысында сәндік - қолданбалы өнердің жалпы сипаттамасы және оның басқа өнер түрлерінен айырмашылығы, өзінің ерекшелігі туралы түсінік қалыптастырып, халықтық сәндік өнердің негізгі көркемдік тілі, бейнелеуші құралдары, қолданбалы бұйымды жасау мен әшекейлеудің негізгі көркемдік принципі туралы жүйелі түсінік берілуі тиіс.
Жұмыс барысында қазақтың киіз үйі, ою - өрнек және оның кең тараған негізгі түрлерімен, символдық белгілерімен, бояу түстерімен, ағаштан жасалатын сандық, кебеже, қобдиша, ағашты өңдеу арқылы жасалатын ағаш қасық, тостаған, ожау бұйымдарымен таныстырып, оларды жасау және әшекейлеу жолдарын үйрету. Сонымен қатар музыкалық аспаптар туралы түсінік беріп, шеберлік сабақтарында домбыраның құрлысы және оның жасалу жолымен таныстырдым. Қазақ халқының тұрмысында кеңінен қолданылған теріден жасалған торсық, кесеқап, сәндік белдіктер және оларды ою - өрнекпен әшекейлеу әдістерін үйретіп, ер - тұрман, қамшы, жүген, ноқта сияқты ат әбзелдері түрлермен таныстырдым. Әр сабақта оқушылардың қабылдау мүмкіндігіне сәйкес эстетикалық тұрғыдан сапасы мен тәрбиелік мәні құнды сәндік өнер туын
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>