Оқушыларды сәндік қолөнерінің түрлерімен таныстыра отырып, шығармашылықтарын дамыту

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

дыларының суреттері мен слайдтарын тақырып мазмұнымен үйлесімді түрде пайдалану. Сәндік - қолданбалы өнер туындыларын қабылдау сабақтарын әңгіме, сұрақ - жауап, оқушылардың өнер шығармаларын өз бетінше талдай, зерттей білу, өз ойлары мен әсерлерін тұжырымдап айта білу дағдыларын дамытуға бағытталған практикалық жұмыс түрлерін ұйымдастыру арқылы жүргізу.
Білімді жан - жақты тәрбиелеп, қабілетті жастар ұлтымыздың баға жетпес қазынасы, сондықтан жастарды қабілетті азамат етіп өсіруде халық қолөнерінің тәлім - тәрбиелік, білім - танымдық рөлі орасан зор.
Соның ішінде ағашты өңдеу, әрлеу және одан бұйымдар жасау әдістеріне тоқтала кетпекпін. Ағаш - адам баласы жер бетінде пайда болған кезде алғаш тұтынған материалдардың бірі болып саналады. Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап өскен заманында біздің күнделікті өмірімізде ағаштың алатын орны зор.
Дүние жүзінің көптеген халықтары ағашты киелі санаған. Африка елдерінде ағашты жықпастан бұрын түбіне пальманың майын құяды екен. Поляктар жай соққан ағашты, өзегі бар қарағайды құрылысқа пайдаланбайды. Орыс шаруаларында жөке ағашын қиған адам орманда адасып кетеді деген сенім болған. Сол сияқты қазақта да ағашты артық қиюға тыйым салатын ырымдар болған.
Осыдан барып ерте кезден - ақ адамзат санасында экологиялық тепе - теңдікті сақтауға ұмтылушылық, табиғатты аялау, қорғау сияқты ізгі ниет болғандығын байқаймыз.
Бұрын қолөнер шеберлігіне қажетті ағаштың бәрін ұсталар тікелей өз қолымен даярлаған. Өз маусымында кескен, мезгелінде кептірген.
Ұсталар ағаш кесу жұмыстарына ара мен балтаны, шабу ісіне түрлі шоттарды, тегістеу үшін үстірікті, қырғыны, жоңғыны, түрпіні, ойып өрнек салу үшін пышақты, қашауды, тесу үшін бұрғы мен үскіні пайдаланған. Қазіргі заманда ағаш өңдеу механикаланған. Механикаланған құра

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: