Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Тараз қаласы
53 орта мектебі
Молдабаева Гүлнара
Ағылшын тілі пән мұғалімі
Оқушыларды жазудың әр деңгейлі түріне үйрету жолдары
Жазу - бір нәрсені, жаңаны құрастыратын шығармашылықтың бір көрінісі. Жазуға отырсаң, әр сөзге ойлана, мән бере қарайсың. Оқушылар сабақта жазу барысында жіберген қателіктерін байқай отырып, дұрыс, әдемі, қатесіз жазуға үйретуге қадам жасайсың.
Оқушы жазуды қалай жүзеге асырып жүр? Оқушының қалай, нені жазатынын бақылауға алдым, оқушыға бағыт беру керек екенін, жазудың қаншалықты маңызды екенін түсіндіру керектігін ұқтым.
«Оқушы қандай да болмасын ақпаратты өздігінше игеріп, өз өміріне жарата алатын әмбебап тәсілдерді үйренуі керек»- деп А. Әлімов айтқан болатын.
Оқушы- керемет ой- пікірлер мен көзқарастың иесі,ол байқампаз. Табиғаттың балаға берген осы бір сыйын дамыту- әрбір ересек адамның міндеті. Әр сабақта оқу және жазу процесі қатар жүреді. Сабақта жазу процесін дамытуға әр түрлі әрекеттер жасау арқылы жүзеге асады.
1 кесте (соңында)
Жазу көбінесе талдау мен эссе жазу арқылы жүзеге асады.
Жазу іскерлікті қажет ететін болғандықтан, ағылшын тілі пәнінде көп қолданылады. Сабақ барысында:
- ағылшын тілі әріптерін жаза біледі;
- дыбыстарды әріптерге немесе әріптер қосындыларын өзгерте алады;
- сөздерді, фразаларды, сөйлемдерді қатесіз жазады;
- өздерінің ойларын жеткізу үшін әр түрлі жаттығулар орындайды;
тақырып мазмұнына қарай сауаттылық ашатын хаттар жазады;
сұраққа жауап береді;
мәтіндерден ағылшын тілі ережелеріне мысал, дәлел болатын сөйлемдер тереді;
күнделіктер жазады;
ауызекі диалогтар құрады;
өз пікірлерімен көзқарастарын білдіру, оны қағаз бетіне түсіреді;
өздеріне өмірбаян, достарына мінездеме жазады;
бірінің ойын бірі жазбаша жалғап

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: