Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары
Бастауыш білім - үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған орай оқушыны шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту - бүгінгі күннің талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияны тиімді пайдаланудың маңызы ерекше. Біз сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға тырысамыз.
Балаларға өздерін тапқырлыққа, білгірлікке, қиялдауға итермелейтін ойындармен тапсырмалар өте ұнайды.
Мысалы:
1. Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру. Слайд 1. Мәтіннің тақырыбы мен мазмұны сәйкес келе ме? (иә, жоқ)
Киіз үй
Уық кереге мен шаңырақты байланыстырып тұрады. Уықтың кереге басына байланатын жағы жалпақтау болады. Уықтың жалпақтау жерін тесіп уық бау өткізеді. Осы уық бау арқылы уық пен кереге басын біріктіріп байлайды.
oo Жоқ, өйткені мәтінде тек уық туралы айтылған.
2. Логикалық ойлауын дамытатын ойындар мен берілген тапсырмаларды шешу. (сөзжұмбақ, бейнесөз, құрастырмалы ойындар)
Айша, Маржан және Аружан мерекелік ертеңгілікке сары, көк және қызғылт түсті көйлек киіп келді. Сапры көйлекті қыз Айша емес, Маржанның көйлегі сары түсті де, қызғылт түсті де емес. Әр қыздың қандай түсті көйлек кигенін тап.
Айша Маржан Аружан
С К Қ С К Қ С К Қ
Логикалық есептер
Бөлменің төртбұрышында төрт мысық отыр. Ол мысықтардың әрқайсысының қарсысында бір мысық отыр. Бұл бөлмеде неше мысық отыр?
Көшеде екі бала мен екі әке кетіп бара жатыр. Барлығы үш адам. Осылай болуы мүмкін бе?
Ағаш бұтағында 4 торғай отыр. Оларға тағы 2 торғай келіп қосылды. Жасырын келген мысық 1 торғайды ұстап алды. Бұтақта неше торғай қалды?
Ребустар көрсету.
Слай
Страницы: 1 | 2 > >>