ейін бағалау мақсатында деңгейлік тапсырмалар беріп, тапсырмаларды орындап болғанға есеп құрау, сурет салу, логикалық есептер шешу сияқты шығармашылық тапсырмалар береміз.
Оқушының білімін көтерудің негізгі ең басты шарты - оның пәнге қызығушылығын арттыру. Пәнге деген қызығушылығы болса ғана, бала оған көңіл қойып тыңдап, тереңдете оқып үйрене бастайды. Пәнге қызыққан оқушының білім сапасы жоғары болады. Ал қызығушылықты туғызатын тәсілдер өте көп. Олар: дидактикалық ойындар, әр түрлі сайыстар, эстафеталар, жарыстар, олимпиадалар, жақсы дайындалған күнделікті сабақтар. 2
Математиканы оқытудың жапы білімдік мақсаттары мұғаліменен төмендегідей жұмыс түрлерін жүргізуді талап етеді:
1. Оқушылардың алған білімдерін жинақтау, ойлау, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыту.
2. Ойын элементтері арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру, белсенділігін арттыру.
3. Оқушыларды шығармашылыққа баулу. Пәндік мазмұндағы есептер шығарту арқылы пәндік тәрбие беру.
4. Оқушының бар зейінін, назарын өзіне, өтілетін тақырыпқа аударта білу.
5. Сабақ сапасын көтеру, ізденімін, танымын қалыптастыру.
6. Логикалық, психологиялық ойлауға, жылдамдыққа, шапшаңдыққа жетелейтін ойындар ұйымдастыру.
7. Оқушының пәндік олимпиадаға, ғылыми - зерттеу жұмыстарына дағдысын қалыптастыру.
8. Оқушының шығармашылық арқылы дарындылығын дамыту.
9. Оқушының ақыл-ой қабілеттілігін жетілдіріп отыру. Ойындар ұйымдастыруда оқушыларды қызықтыратын тапсырмалар таңдай білу-ұстаздан үлкен шеберлікті талап етеді. Ойын- шығармашылық, әрі еңбек. Бұл ойын әлемінен өрнектелген сабақ қызықты әрі ұтымды. Яғни, пәнге деген қызығушылығын арттыра түспек. Оқушы аталған мақсаттарды жете түсініп, білімді берік, саналы және жүйелі түрде игере алса, онда оқу міндеттерін і
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>