Оқушылардың білімін көтерудің жолдары

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

УДК:372. 851
Оқушылардың білімін көтерудің жолдары
Мырзагужинова Ж. К
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Ғылыми жетекшісі: профессор Ахметжанов А. А
Кілт сөздер: Білім беру, бақылау
Аңдатпа
Бұл мақалада оқушылардың білімін көтерудің жолдары қарастырылған.
Аннотация
В данной статье рассматриваются пути повышения знаний учащихся
Summary
This article discusses ways of enhancing students knowledge

Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі - оқушыларды өз бетімен еңбектенуге үйрету, ой-өрісін кеңейту, білім дағдысын дамытумен қатар пәнге деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Сондықтан, сабақты түрлі дәрежеде түрлендіріп өткізу керек. Сабақты түрлендіріп өткізу оқушыларды алғырлыққа, зеректілікке, шапшаңдыққа баулиды. Оқушының қызығушылығын оятады. Егер оқу үрдісінде білімге деген қызығушылық қалыптасса, оқушылардың мақсатты түсіне білуі мен мақсат қоя білуі белсенді қалыптасады. Осының нәтижесінде жұмыс жасау арқылы жүзеге асыру кезінде оқытушы педогогикасы да арта түседі. Балалардың ойлауын дамыту туралы М. Жұмабаевтың сөзімен алсақ: "Ойлау жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр, сондықтан басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта - ықыласы, құштарлығы болуы керек". 1
Оқу материалын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан да мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады. 3
Сабақта оқушылардың білімдерінің деңг

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: