/>1-топ Отбасы мүшелері жайлы әңгіме құрастырады.
2-топ Отбасы мүшелерін баспалдаққа орналастырады
3-топ Отбасы жайлы тақпақтар айтады.
4-тапсырма
1-топ Ұлттық киімдерді тауып алып атау қажет
2-топ Ұлттық тағамдар таып алуымыз қажет
3-топ Ұлттық ойындар тауып алып ортада ойынау
Ойын:Тақия тастамақ
Тәрбиеші: Міне, балалар біз адасқан жігітке көмектестік ,салт-дәстүрлерді есімізге түсірдік.
Балалар қандай да салт-дәстүр болмасын отбасынан басталады ендеше біз үлкендерге ұқсап көрініс сахналаймыз.
Атамнан басталар, әжемнен қосталар,
Отбасы мыналар, ең жақын адамдар.
Әкем мен анам бар, бір туған апам бар,
Бәрін жақсы көремін, еркелеймін, еремін.
Кітапты көп оқитын, жырларды жақсы білетін,
немересін еркелетіп, жанында әрқашан жүретін (ата)
Мейірімді жан кім екен ертегі оқып беретін,
еркелетіп қыз - ұлды бетінен шап - шап сүйетін (әже)
Өзі салмақты, батыл, отбасын қорғаушы, асыраушы кім? (әке)
Біз үшін ең қымбатты,ең ардақты адам кім? (ана)
(Атасы немересін алдына отырғызып, әңгімелесіп жатыр. Әкесі құран оқып отырғанда ортаншы баласы тақпақ айтып жатты, ал әжесі жіп иіріп отыр. Анасы тамақ дайындап жатқанда, бірі ойнап, бірі анасына көмектесіп жатыр.
Атасымен немересі әңгімелесіп: )
Ата: - Балам, кел мен саған жеті атаңды айтып берейін. Сен оны жаттап, есіңде сақта!
ұлы: - Жарайды.
Ата: - Ата, әке,бала,немере, шөбере, шөпші, немене. Қане қайтала!
Немересі қайталайды.
Ұлы: - Әке мен сізге бүгін жаттаған тақпағымды айтып берейін бе?
Әке: - Айта ғой балам.
Ұлы:
Аспанда күн ыстық
Ал жерде кім ыстық
Әке мен шешеміз
Сүйікті тым ыстық
Жасасын туыстық!
Достық пен тыныштық.
Әке: - Ой, балам, тақпағын керемет екен!
Әже
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>