шінде ата-ананың əлеуметтік жағдайы, қызметі, материалдық деңгейі, білім деңгейі баланың өмірлік жолын едəуір анықтауға мүмкіндік береді. Ата-ана баласына саналы түрде беретін тəрбиеден басқа балаға отбасындағы атмосфера да əсер етеді. Бұл əсердің ізі жеке тұлғаның құрылымында көрініс тауып, оның жасы есейген сайын көбейе түседі.
Баланың кез келген жастағы мінез-құлқындағы əлеуметтік немесе психологиялық аспектінің барлығы оның қазіргі күнгі жəне өткен уақыттағы отбасылық жағдайына байланысты болады. Əрине, бұл тəуелділіктің сипаты өзгереді. Мысалы, баланың үлгерімі жəне оның оқуының ұзақтығы отбасының материалдық деңгейіне байланысты болса, енді ата-анасының білім деңгейі əсер етеді (жоғары білімді ата-ананың балалары жақсы оқиды). Ата-анасының білім деңгейінен басқа балалардың тағдырына отбасының құрамы мен отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынастарының сипаты əсер етеді.
Салыстырмалы түрде жеке болатын балаларды тəрбиелеуде бірқатар психологиялық механизмдер бар, олардың көмегімен ата-ана өз баласының тəрбиесіне ықпал етеді.
Біріншіден, қолдау: ересектер баланың дұрыс деп санайтын əрекеттерін марапаттап, ал белгіленген ережелерді бұзғаны үшін жазалау арқылы баласының санасына ережелер жүйесін ендіреді, оларды сақтау біртіндеп бала үшін əдетке сай əрі ішкі қажеттілік болып қалыптасады. Екіншіден, идентификация: бала атаанасының үлгісін байқап, оларға еліктейді, сондай болуға тырысады. Үшіншіден, түсіну: баланың ішкі дүниесін біле тұра, оның мəселелеріне көңіл бөліп, ата-ана баласының санасы мен коммуникативтік қасиеттерін қалыптастырады.
Балаларды тəрбиелеудегі отбасылық əлеуметтендіру дегеніміз бала мен ата-ананың тікелей "жұптасып" өзара қарым-қатынас жасауын ғана білдірмейді. Идентификацияның əсері қарсы рөлдік өзара толықтыру арқылы бе
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>