ң осы жүйедегі мəнділігін назардан тыс қалдырмау керек. Ата-ана балаларының əлеуметтік құндылықтар кешенін, дүниеге деген көзқарасын, бағдарын, қажеттіліктерін, қызығушылықтары мен əдеттерін қалыптастырады.
Отбасындағы алғашқы өмір сабақтары балаға əрекет жасаудың нұсқасы ретінде əлеуметтік ақпаратты таңдап қабылдауға, өңдеуге, меңгеруге немесе қабылдамауына негіз болады. Балаға отбасы тарапынан əсер ету үдемелігі мен нəтижелілігі бойынша теңдессіз. Себебі ол үздіксіз, бір мезгілде жүзеге асады, қалыптасып келе жатқан тұлғаға жан-жақты əсер етеді, көп жылдарға жалғасады, отбасындағы байланыстардың тұрақтылығына, балалардың да, ата-аналардың да өзара эмоционалдық қарымқатынасына негізделеді. Мұнда сүйіспеншілік пен сенім тəрізді табиғи сезімдер туралы ғана сөз болып отырған жоқ, сонымен қатар балалардың өз қауіпсіздігін, қорғалғандығын, өзін мазасыздандырған ойлармен бөлісу мүмкіндігін, көмек алатындығын сезіну туралы айтылады. Отбасылық қарым-қатынас, тəрбие барысында балаға аға ұрпақтың өмірлік тəжірибесі, сезім мəдениеті мен мінез-құлқының деңгейі беріледі.
Отбасылық тəрбие айрықша, сондықтан өзінің келесідей ерекшеліктері бар:
үздіксіздік;
тəрбиелік əсер етудің көп факторлығы мен қайшылығы;
тəрбиелеуші микроортаның салыстырмалы тұйықтылығы;
тікелей əсер ету (көмекші бөлімшесіз, көмекші адамсыз);
қарым-қатынастың жекелігі;
өзара қарым-қатынастың табиғилығы мен көпқырлығы;
Ата-ананың міндеті - ескі өмірлік таптаурындардан бас тартып, адамдар өзара соғыспай, ынтымақтасатын жаңа таптаурындар жасау.
"Жекеше" қаралатын əлеуметтендіру факторларының ішіндегі ең бастысы ата-ананың отбасы болып табылады, себебі бала өзінің неғұрлым қабылдағыш кезеңінде отбасының əсерін бəрінен бұрын сезінеді. Отбасындағы жағдай, оның і
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>