қызметке итермелей отырып, сонымен бірге жағымсыз мінезқұлық пен əрекеттерді тежейді.
Балаларды тəрбиелеуде ата-ананың стилі де маңызды рөл ойнайды. Атап айтқанда, А. Болдуин ата-аналық тəрбие тəжірибесінің екі стилін бөліп көрсетеді: демократиялық жəне қадағалаушы.
Демократиялық стиль келесі параметрлермен анықталады: ата-ана мен баланың арасындағы тікелей сөзбен қарым-қатынас жасаудың жоғары деңгейі; баланы отбасы мəселелерін талқылауға тарту; ата-ананың баласына көмек беруге даярлығы.
Қадағалаушы стильде ата-ана баласының əрекеттерін едəуір шектеп отырады: балаға шектеудің мəнін анық түсіндіру, ата-ана мен баланың арасында жаза шаралары жөнінде келіспеушіліктің болмауы.
Тəрбиелеудің демократиялық стилі қолданылатын отбасындағы балалар жетекшілік қабілеттерінің байқалуымен, шабуылдаушылығымен, басқа балаларды қадағалауға ұмтылуымен сипатталады, ал балалардың өзі сырттан қадағалауға қиын көнеді, алайда оларға альтруизм, эмпатия тəн емес.
Тəрбиелеудің қадағалаушы стилі қолданылатын балалар көнгіш, қорқақ, шабуылдаушы емес болып келеді. Тəрбиелеудің аралас стилі қолданылған балаларға іштей тыну, шабуылдамаушылық, қызығушылықтың болмауы, ойлаудың айрықшылығы, қиялшылдық тəн емес.
4. Жаңа материалды бекіту: 1. Отбасылық тəрбие айрықша, сондықтан өзінің қандай ерекшеліктері бар
2. Түзету дегеніміз.
Қорытындылау(білімді бағалау) Сабаққа белсенді қатысқан студенттерді бағалау. Үй тапсырмасы: Қосымша материалдар.
Оқытушының қолы:
Пән бірлестігінің төрайымы:
Страницы: << < 3 | 4 | 5