Куликова Сауле Кенесбаевна
Қостанай облысы, Арқалық қаласы
Б. Майлин атындағы 3 жалпы орта білім беретін мектебінің психологы
Отбасы-тәрбие ұясы
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар!
Ата- ананың тілегі баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.
Баланыбастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек,- дегендей баланың ыстық, суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар.
Бүгінгі ұл-ертеңгі - әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ол ертеңгі ана, ол шешесіне қарап өседі, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие берудегі басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы , демеуші ата-ана. Ал ата-ана балаға дұрыс тәрбие бере алып жатырмыз ба?. . . . .
-Ой бөлісу мақсатында ортаға тренингке 10-15 ата-ана шақырамын.
2. Есімдер аллитерациясы.
Мақсаты:Ата-аналарды бір-бірімен таныстыру.
«Танысу» тренингі – ата-аналар бір-біріне өз есімдерін, оның алдына бір сын есім қосып айтып танысулары керек. Мысалы: айдай сұлу Айсұлумын,
Құрметті ата-аналар! Мен сіздермен танысқаныма өте қуаныштымын. Қане, бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап, шеңбер құрап дөңгелене тұрайық. Осы дөңгелек шеңберді шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз. Қалай ойлайсыздар? Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз - көктегі жылу беретін күн тәрізді дөңгелек. Шеңберге тұрып бір-бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды бір-бірімізге сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан да бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық.
2. « Біз біргеміз!» жаттығулар
Ассосация Жанұя
Мақсаты: Отбасындағы қарым –қатынасты нығайтуға өзара түсінушілікте ата-аналар мен балаларға қо
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>