Отбасы - тәрбие ұясы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

туациялық сұраққа жауап берулеріңіз керек. Сұрақты алмас бұрын 7 топқа бөлінгеніміз дұрыс. (Топпен жұмыс).
1. Балаңыз 11 сынып оқушысы. Ол мамандық таңдауға қатысты өз шешімін жасап қойған. «Болашақ дәрігермін» дейді. Ал Сіз болсаңыз балаңыздың медицинаға еш қабілеті жоқ екендігін нақты білесіз. Тәжірибелі үлкен, жанашыр адам ретінде Сіз балаңызға қалай кеңес берер едіңіз? Оның өз бейімділігіне қарай мамандық таңдауына қалай бағыттар едіңіз?
2. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір істеген іс-әрекетіне көңілі толмай: «сен істей алмайсың, қолыңнан келмейді», - деп айтып жататынын байқаймыз. Балаға осылайша баға беруге ата-ана жалпы құқылы ма?
3. Балаңыз 16 жастағы жасөспірім. Ол қазір өтпелі кезеңді бастан өткізуде. Жазды күні Сіз оған ұялы телефон және компьютер сатып алып бердіңіз. Енді ол оны айналшақтап, қолынан тастамайды. Тамақтанса да, теледидар алдында да, тіпті сабаққа дайындалып отырған кезде де үнемі алаңдап отырады. Сіздің әрекетіңіз қандай болар еді?
4. Сіздің университет қабырғасынан дос болып келе жатқан Нұржамал деген құрбыңыз бар. Құрбы болуға тамаша-ақ, тек бала тәрбиесіне келгенде көп қателік жібереді. Баласымен сырласпақ түгіл, мүлдем түсінісе алмайды. Тіпті оны түсінуге тырыспайды да. Кез келген қателігін бетіне басып, ашуға салады. Өтпелі кезеңді басынан өткізіп жатқан оның баласы, күнен – күнге тұйықталып барады, іштей агрессивті. Өз үй-ішінен қолдау көрмеген бала, шарасыздан Сізге келіп көмек сұрайды. Сіз не істер едіңіз?
5. Сіздің 16 жасар қызыңыз және 2 жасар ұлыңыз бар. Қызыңыз биыл 11 сыныпқа келді. Алдында ҰБТ күтіп тұр. Әдетте, үй шаруасын тыңдырып, баланы да бағатын үлкен балаңыздың күн тәртібін енді Сіз қалай өзгертесіз? Балаңызға өз тарапыңыздан қандай қолдау көрсетіп, оның алдында күтіп тұрған емтиханға дайындалу

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: