1
Қазақ тілі
3 сынып
Сабақ тақырыбы:
Отбасы мүшелері
Жалпы мақсат:
Тақырыптың себеп-салдарлы байланыстарын табу, басты мәселені ажырата білу және өз пікірін дәлелдей алу дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасау.
Жаңа тақырып туралы түсініктер қалыптастыру, тақырып жүйесін түсніу
Сабақтың мақсаттары
Қоғам, оның көп түрлілігі, қоғам мүшелері, қоғам басшысы, қоғамның алып жатқан аймағы, қоғам - бізді қоршаған орта ұғымын ашу. - Отбасы - шағын қоғам, отбасының мүшелері, отбасының басшысы, отбасы - біздің тірегіміз, біздің шаңырақ ұғымдарын ашқызу
Күтілентін нәтижесі:
Отбасы дәстүрі, отбасындағы қарым - қатынастар туралы түсініктер бере отырып, оқушының қоғамдағы дүниетанымдық көзқарастарын ашу, зерттеу, талдау, халықтық педагогиканың отбасы тәрбиесіндегі алар орнын ашып көрсету. - Оқушылардың өз ойын мазмұнды тілде жеткізу, олардың өзара ұжымдаса жұмыс істеу, шығармашылық ізденіске түсу біліктерін жетілдіру. -
Негізгі идеялар:
Адам өмірінің мәні оның әлеуметтік жағдайларымен айқындалады. Адам -- белсенді әрекет иесі. Ол әлеуметтік дамуды жеделдетіп немесе тежеп, оған тура ықпал ете алады. Отбасы жағдай түрлі кезеңдерінде өзгеріп отыратын адам өмірінің мәнін, құндылығын айқындаушы -- сол адамның өзі
Сабақта қолданылатын материалдар:
1. Үлестірмелі материалдар
2. АКТ, маркерлер, карталар, глобус
Сабақта қолданатын модульдер
"АКТ", "Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер", "Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау", "Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету", "Оқытуды басқару және көшбасшылық".
Оқыту әдістері:
Миға шабуыл
Интерактивті оқыту әдістері
диалогтік оқыту
Жигсо, Спираль
Топтық жұмыс
Жұптық жұмыс
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>