Отбасы - өмір аясы

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>

жоғары, жақсы жұмысқа орналысып, сол жерде қалып қойдым. Ауылдағы анама ақша да, сыйлық та жіберіп отрдым. Бала күнімнен әлі көрмеген еңбегімнің жетістігін көрмеген соң да осында қалып қойдым. Ал анам "Мен ол жерге көне алмаймын" - деп қасыма келуге қарсы болды. Бұл оның әрі жалған, әрі шын сөзі болатын.
Анам да қартайды. Бір күні ауылдан шұғыл шақырту келді. Жүрегім аузыма келіп, алаңдаушылықпен ауылға тарттым. Анам сырқаттанып емханаға жатып қалыпты. Тәңірден күн сайын анамның амандығын тіледім. Ота аяқталғанда анамның жанына бардым. Өмірдің қаталдығы анамды қартайтып жіберіпті. Осыншама уақыттын кейін, күн сайын анамды сағынсам да, қадірін ешқашан да жете түсінбеппін. Наркөзден әлі оянбаған анамды құшақтап, егіліп жыладым. Аз уақыттан соң көзін ашып, маған күлімсіреп қарап, "Құлыным, жазылдым ғой міне, еш жерім ауырған жоқ" - деді. Анасы ұлына ең соңғы жалған сөзін естігенде көз алдымда аспан ауып бара жатқандай сезім күй кештім.
1. Аялау, қадірлеу деген сөздерді қалай түсінесіңдер?
2. Қолында сиқырлы таяқша болса, аналарыңызға не сыйлар едіңіз?

Шығармашылық топпен жұмыс.
"Бақытты отбасы" тірек сызба
Отбасына менің тілерім - тілек жазу
Жағдаятты сахналап көрсету

Үй тапсырмасы.
"Қызыл жебе" Ш. Мұртаза

Топпен ән айту
Қарақатпен Қыдырәлінің "Ризамын саған" клипі
Сабақтың соңғы тыныштық сәтi. (Ақырын баяу әуен қосу)
Көзімізді жұмып,еркін жайғасайық.
Енді,бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік,қандай жақсы нәрселерді үйрендік,қандай сабақ алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге сақтап,көкейімізге түйіп алайық.
Жайлап көздеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!






Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: