Бала ойы
Бала күнімде Отбасы жағдайымыз тым төмен болды. Кедейліктің қасіреті маған сезілмесе де, шешеме қатты батты. Киер киім, үшерге асқа жарамай жүргенде ол үнемі өз ыдысындағы несібесін маған бөліп беретін еді.
-Құлыным, жей ғой, менің қарным ашқан жоқ - дейді. Бұл оның үнемі айтатын жалған сөзі еді.
Ер жете бастаған шағымда базардағы қымбат зат немесе дәрумендер алып беруге шешемнің қалтасында көк тиын жаоқ еді. Үнемі жақын маңдағы өзенен балық аулап келетін. Мен балық етін жеп, сорпасын ішіп отырған сәттерімде ол үнемі үстел шетінде отырып, балық сүйегін мүжіп отыратын. Анам қайнатқан балық сорпасы әлі күнге дейін таңдайымнан кетпейді. Үнемі шынысына ет салып берсем, "Өзің жей ғой, мен балық етін ұнатпаймын емес пе" - деп қайтадан өзімнің ыдысына салып беретін. Бұл оынң екінші жалған сөзі болатын.
Орта мектеп оқып жүрген кезімде, менің киіміме кететін қаражатты қамдау үшін, үнемітүні бойы мардымсыз тігіншілікпен айналысты. Түн ортасында оянсам, бүкшейіп отырып киім тігіп отырған анамды көретінмін. "Шешей ұйықтасаңызшы, таңертең тағы жұмысқа барасыз ғой" - десем. "Ұйықтай бер құлыным, менің әлі ұйқым келген жоқ" - дейтін. Ал бұл сәтте таң атып келе жатқанын сезіп жататын едім. Бұл оның үшінші жалған сөзі еді.
Жылдар зымырап өтіп жатты. Мектеп бітіріп ЖОО түстім. Тігіншілікпен айналысып, тапқан нәпақасымен мені оқытып, ел қатарлы ұстады. Арасында жұмыс істеп, аз да болса үйге ақша салып тұратынмын. Бірақ, сол ақша қайта өзіме қайтып келетін және "Құлыным менің, өз табысым өзіме жетеді, сен қиналып қалма" - деген сөзі бар хаттар келетін.
Ауылға қайтып барғанымда, анамның жұмыссыз қалғанын білдім. Сонда оның маған тағы да жалған сөзін айтқанын ойлап, көзіме жас іркілді.
Оқуым біткен соң, айлығы
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>