Отбасы бақыты

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6  >  >>

жапсырылған сөздерді алып тастасақ жуаның өзі ғана қалғандай, шын мәнінде, адам өмірге келгенде әке мен ана деген қасиетті сөздерді бойына сіңіреді. Құрғақшылық, қолайсыздық жағдайлары болғанда, біздің өсімдікті суарып үлгермейміз. . . Ол өледі. Ендеше, өсіріп отырған жас өскендерімізді мейіріммен, сезімталдықпен, кішіпейілділікпен суғарайық.
Тапсырма: Ал енді осы аңыздан кейін қазіргі заманның отбасылар формуласын құрайық. Әрқайсыңыз өз формулаңызды құрып көріңіздер ( тәрбие берудегі оң нәтижелерді назарға алу). Жауаптары тыңдалып отбасында балаға тәрбие берудің құпия заңдары көрсетілген формула ұсынылады: ( плакатта жазылған схема көрсетіледі).
Отбасы заңы 1 2 3 4
1 заң-әке мен ананың балаға қоятын талаптарының бірдей болуы
2 заң- бала үшін мақтаудың маңыздылығы
3 заң- отбасы мүшелерінің әрқайсысының еңбекке араласуы
4 заң- ересектер мен балалар арасында материалдық және моральдық игіліктерді теңдей бөлу.
Егер де осы заңдардың барлығы отбасында орындалып жатса,егер ата-анасы өмірге сергек әрі сенімді қарайтын баласының достары болса, демек, бала адам ретінде, тұлға ретінде қалыптасады. Баланың қандай болып өсетіндігі, ересек өмірге қалайша қадам басатындығы сіздер мен біздерге байланысты. Ең бастысы- баланың тұлға болып қалыптасуына ата-анасының сөздері мен күнделікті ескертпелері емес, олардың шынайы іс-әрекеттері мен мінездері зор ықпал ететіндігін есте ұстаған жөн.
Рефлекция: "Жылулық шеңбері"
Ал енді барлығымыз бір-біріміздің қолымыздан ұстап үлкен шеңбер жасайық. Өздеріңізді үлкен тұтас дененің бір бөлшегі ретінде сезініңіздер, әр қайсысымыздың өз орнымыз, өз есебіміз бар. . . .
Көздеріңізді жұмыңыздар, ал енді ойша осы шеңберде тұрған адамдарға жақсы, жылы, қайырымды тілек тілеңіздер. Біздің оларға берг

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: