"Отбасы бақыты" ( тренинг)
Мақсаты мен міндеттері: ата-ананың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін мейлінше арттыру, ата - анамен бірлесе отырып, бала тәрбиесіне байланысты мәселелерге көңіл аудару, жан-жақты дамыған тұлғаны адамгершілік, рухани жағынан тәрбиелеу.
Тренингтің барысы:
Қайырлы күн, ардақты ата-аналар мен ұстаздар! Құрметті ата-аналар, бүгінгі кездесуімізге келгендеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Бүгінгі кездесу ерекше болады деп сенеміз. Тәрбие беру проблемалары жайында әңгімелесетін боламыз. Әуелі танысып алайық. . . ( барлығы өздерін таныстырып өтеді). Тәрбие беру үрдісін болжап айту қиын. Мұнда ата-аналардың да, ұстаздардың да өкілдері бар. Сіздер тәрбие берудің әр түрлі баррикадасында емес, бір топтасыздар. Барлығымыз бірлесе жұмыс атқарғанда ғана, жақсы нәтижелер мен жетістіктерге қол жеткіземіз. Бірігіп жұмылғанда, қолымыздан барлығы келеді. сіздермен бірлесе отырып бала тәрбиесіне байланысты мәселелерге көңіл аударуға, оны шешуге,бала жүрегіне жол табуға, оны түсінуге тырсып көрелік.
Психологиялық дайындық.
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар біз неге шеңберге тұрып, тренингмізді бастадық?
Шеңбер - бұл әлемдегі мейірімділік, жақсылық.
Шеңбер арқылы - бір - бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз. Шеңбер - сонымен қатар, қай әріпке ұқсайды?
"О" - әріпіне ұқсайды. Ендеше "О" - әрпінен басталатын сөздер айтайық. ("Отан", "Отбасы" т. б. )
Отбасы- кішкентай адамның өміріндегі алғашқы тұрақты ұжым. Тұлғаның қалыптасуында отбасы ең басты роль атқарады.
Нақ отбасында- мінез-құлықтың негізгі с
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>