ипаттары, оның әдеттері қалыптасады және де баланың қандай болатындығы- отбасы мүшелері арасындағы - өз ара қарым-қатынасқа байланысты. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге
(ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы- сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы- бала тәрбиесініңең алғашқы ұжымы. Отбасы- адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі.
Отбасылық өмір көп қырлы, қиындығы, проблемасы жоқ от басы болмайды. Бірақ сонда да идеалды отбасы сияқты түсінік бар.
Идеалды отбасы- бұл. . . ( ата-аналардың жауаптары тыңдалады).
Өзгертілген жұмыс. "Аяқталмаған сөйлемдер әдісі" (ата-аналарға сөйлемдер оқылады, олардың жауаптары тыңдалады, қажет болған жағдайда толықтырылады)
Бала қандай болады
Егер:
- Баланы сынап отырса , ол . . . (жек көруді) - үйренеді
- Бала өшпенділікпен өмір сүрсе, ол. . . (агрессивті болуды) үйренеді
- Бала кінәлап отыруда өмір сүрсе, ол. . . (кінәлі адамдай сезініп өмір сүруді) үйренеді.
- Бала төзімділікте өссе, ол. . . . (басқаларды түсінуге) үйренеді.
- Баланы қолдап отырса, ол. . . (басқаларды түсінуге) үйренеді.
- Баланы келемеждей берсе, ол. . . (тұйық) үйренеді.
- Бала түсіністікте және ынтымақтасуда өмір сүрсе, ол. . . (бұл өмірде сүйіспеншілікті табуға) үйренеді.
- Егер де бала мадақтаулар арасында өмір сүріп жатса. . . . . ( ол өзгелердің құнын таниды)
(өзіңіздің айтылған сөздерге қарым-қатынасыңызды айтып беріңіз, өмірден мысалдар келтіріп ойыңызды растаңыз).
Топтық жұмыс. (ватман мен маркерді дайындау)
Қазір біз ватманды екі бөлікке бөлеміз де, біреуіне өз балаларымызды мадақтайтын, ынталандыратын сөздерді, екінші жағына- ұрсатын сөздерді жазамыз (қай бағанда көп сөз жазылғандығына талдау жасалынады,ата-аналарға өзде
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>