жасаған мерекелік жалауларын топ ішіне іледі.
Күтілетін нәтиже:
Білуі қажет: қағаздан мерекелік жалаушалар жасай білу.
Қалыптасқан түсініктер: 9 мамыр Ұлы Жеңіс күні екенін білу.
Орындаушылық қабілеті: таза, әсем жұмыс жасау.
Ересектер тобына арналған
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Қатынас». «Шығармашылық»
Бөлімдері: «Тіл дамыту» «Сурет салу»
Тақырыбы: « 9 – Мамыр – Жеңіс күні»
Мақсаты: Отанды сүюге, үлкенді сыйлауға, кішіпейілділікке үйрету. Аға ұрпақтың өсиетіне адал болуға және балаларды отаншылдақ сезімге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: батыр, ержүрек.
Тәсілдер кезеңдеріТәрбиешінің іс-әрекетіБалалардың іс-әрекеті
Ұйымдастырушы-қозғаушы қызметТақтаға Талғат Бигелдинов, Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова портреттерін, суреттерді ілу. Балалар батыр аға, апаларымыздың портреттерін қарап, есте сақтайды.
Ұйымдастыру-ізденушілік
Балалармен әңгімелесу.
-Балалар, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ағаларымыз, апаларымыз бар. (портреттерін көрсетіп балаларға атату)
Ә. Сарсенбаев ағамыздың «Сен құрметте оны» шығармасын оқу.
Сен құрметте оны!
Түсіндің бе қарағым!
Ол ақшаға сатқан жоқ,
Тізеден кескен аяғын.
Көптеген Қазақстандықтар өздерінің майдандас достарымен бірге жеңіс үшін күресті. Олардың көбі жаумен болған қанды шайқаста қаза болды. Біз қаза болған ерлерімізді ұмытпай, есте сақтауымыз керек. Батыр, батыл ерлеріміздің ерліктерінің арқасында біз осындай бейбітшілікте өмір сүріп отырмыз.
-Балалар мәңгілік алау не үшін жағылады?
-Балалар 9 – Мамырда бір минуттық тыныштық не үшін беріледі?
Ә. Табылдиевтың «Салют» атты өлеңін оқу.
Ал қызыл, ақ, көк жұлдыз,
Жарқырады көк жұлдыз.
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>