Основы трудового права

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

ектілеу
2. ҚР Конституциясы бойынша қандай кодекстерді білесіздер?
3. Ерекшеліктері?
2. Сабақтың тақырыбын тұжырымдау.
Еңбек етсен ерінбей, тояды қарның тіленбей - дейді қазақ.
Қазақ деген сөзге бай халық қой, "Еңбек ету" деген сұраққа жауап табу үшін бүгін осы тақырып жөнінде сұрақ қозғаймыз.
Сабақта өтетін тақырып біздің ең маңызы зор кодекстердің бірі болып саналады, әр адам өз өмірінде толықтай қолданатын заңдар жинағының бірі. Сондықтан біз үшін Еңбек Кодексінің баптарының мазмұны ерекше.
3. Сабақтың міндеттерін анықтау
Осы берілген Еңбек кодексі туралы нені білуіміз қажет? (Еңбек заңнамасы, Еңбек шарты, сынақ мерзімі, еңбек шартының жасалу және бұзылу тәртібі, жұмыс уақыты және демалыс уақыты)

4. Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтын жоспары:
1. Еңбек құқығының түсінігі.
2. Жеке еңбек шарты.
3. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты.
Оқытушының сөзі: Қазіргі қазақстандық құкық салаларының ішіндегі еңбек құкығы басты орындардың бірінде, өйткені ол қоғамдық еңбек қатынастарын реттейді.
Еңбек құқығы - деп жұмыс берушімен жұмысшының арасында туында ған қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы.
Тараптардың жеке еңбек және ұжымдык шарттар негізінде белгілі бір еңбек кызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар еңбек қатынастары деп танылады. Оларға мыналар жатады:
- жұмысқа орналастырумен байланысты құқықтық қатынастар.
- ұйымдастырушылық - басқарумен байланысты құқықтық қатынастар.
- ұжымдық шарттан туындайтын байланысты құқықтық қатынастар.
- жұмысшыны кісіби дайындау және біліктілігін арттырумен байланысты құқықтық қатынастар.
- еңбек қорғалуын және еңбек заңдарының сақталуымен байланысты құқықтық қатынастар. <

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: