үзу кезегі сіздерге келіп жетті.
"Бабушки-старушки" биін тамашалағым келеді.
5 - күлте. Мектеп директоры үзіп, қандай тілек жазылғанын оқып береді.
Сұрақ: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Ендеше "Көктем гүлі" атты би биленсін.
6-күлтені медбике үзеді.
"Түстерді ата" дидактикалық ойыны.
Ойын шарты: Тамара Васильевна алдымен балаларға бірнеше сұрақ қояды:
Балалар, менің қолымдағы заттар қалай аталады?
Олар сендерге не үшін керек?
Медбике қарындаштарды бір-бірлеп көрсетеді. Ал балалар болса, қарындаштардың түсін қазақша, орысша, ағылшынша атап береді.
7-күлтені "Айналайын" мектепалды даярлық тобының тәрбиеші көмекшісі Назима Мұқашқызы апайларың үзсін. Жарай ма, балалар? Кәне, енді сіздің тілегіңізді тыңдайық:
"Көңілді пішіндер" ойыны ойналсын.
Ойынды жүргізетін тәрбиеші Гүлзәда Жанарбекқызы.
Ойын шарты:Балалар кең шеңберге тұрады. Тәрбиеші алдымен түрлі-түсті қағаздан қиылған пішіндерің атауларын қайталатып өтеді. Содан соң ойын мәнін түсіндіреді. Тәрбиеші тоқтамай кез келген зат атауларын атай береді, арасында пішіндердің атауларын да атайды. Балалар болса, жай атау сөз айталғанда қол шапалақтайды, ал пішіндердің атауы аталса, онда бір орында тұрып секіріп қалулары керек.
Алғыс білдіру сәті
Бақдәулет:
Гүлдендірген бақшаны
Меңгеруші жақсы адам
Сондықтанда біз үшін
Артықсыз сіз басқадан
Меруерт Әскербекқызына мың алғыс!
Мадина:
Жайдары жүз, ай қабақ
Жүреді бізді аймалап.
Тобымызға жиі кеп
Қалымызды сұрайтын
Айгүл Сарыарқа қызына мың алғыс!
Парасат:
Қайнаған су әкеліп
Дәруменін беретін.
Өлшеп салмақ,бойымды
Екпесін де егетін.
Тамара Васильевнаға мың алғыс!
Ел
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>