сендердің мерекелеріңе арнайы келген қонақтарымыздың бірі үзіп, тілегін оқысын. Онда не деп жазылған екен, кәне?
"Алтын бесік "Айгөлек" әнін білесіңдер ме?
Асима Ағзамқызы: Біз өзіміздің балабақшамыз туралы ғажап әнді,әрине, жаттап алғанбыз. Ендеше, сіздің де тілегіңізді орындаймыз.
Асима Ағзамқызы: Балабақшамызда өткен "Айгөлек жұлдызы-2017" атты өнер сайысының қатысушылары, әнші жұлдыздарымыз Жекебайұлы Төребай, Шаттық Кәусар және Жакабаев Бақдәулет сіздерге "Әнші болу арманым" атты әнді тарту етеді. Қабыл алыңыздар!
"Иә, иә, жоқ,жоқ!" атты дидактикалық ойыны
Ойын шарты: Ортаға балаларының жанына ата-аналарды шақырамын. Балаларға және ата-аналарға сұрақтар қойылады. Олар сұрақтарға тек қана "Иә,иә" немесе "Жоқ,жоқ" деген сөздермен жауап беруге тиіс. Ендеше мұқият болыңыздар
1. Балаларға арналған сұрақтар:
1. Мектепке біз барамыз ба?
2. Кілең бестік аламыз ба?
3. Айтқан тілді аламыз ба?
4. Ақылды бала боламыз ба?
5. Нан жейміз деп жылаймыз ба?
6. Ертеңгісін тұрамыз ба?
7. Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?
8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
9. Екі алсақ жылаймыз ба?
10. Үлгілі оқушы біз боламыз ба?
2. Ата-аналарға арналған сұрақтар:
1. Балаңызға әрқашан тірексіз бе?
2. Кітап оқып,есепке сіз зерексіз бе?
3. Балаңыздың тамағын уақытылы бересіз бе?
4. Қиындыққа әрқашан төзесіз бе?
5. Сериал көріп жатасыз ба?
6. Ұрып,нұқып үйретуге барасыз ба?
7. "Оқыту - мұғалімнің жұмысы" деген сөзді айтасыз ба?
Асима Ағзамқызы: Рахмет, сіздерге,құрметті ата-аналар. Орындарыңызға жайғасыңыздар.
Асима Ағзамқызы: Қ. Аманжолов. "Жетпіс пен жеті" өлеңін оқимын. 318-бет.
4-күлте. Ата-аналар,күлтені
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>