Қош бол, балабақшамыз! Сәлем саған,мектебім

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

қап алтын болады? /Он/
Хан:Тамаша, бәрекелді, осылай менің қызым қазынамды санап отырса, онда қандай керемет болар еді!
Асима Ағзамқызы: Сонымен, қызыңызды мектепке беретін болдыңыз ба?
Хан: Иә,әрине берем,- деп залдан шығып кетеді.
Ханшайым: Балалар, білесіңдер ме? Мен жай ғана ерке ханшайым емеспін. Мен ертегі патшалығынан келген ханшайыммын. Мен де сендер сияқты мектепке барғым келеді. Әкемді көндіруге көмектескендерің үшін рахмет айтамын.
Асима Ағзамқызы : Онда төрлетіңіз, бүгінгі мерекемізде бізбен бірге болыңыз, балалардың өнерін тамашалаңыз.
Хор: "Бүгін бізде мереке" әні
"Вперед четыре шага" биі.
Ханшайым: Жарайсыңдар, балалар! Өнерлерін өрге жүзсің. Ал менің кететін уақытым болды. Мен де сендерге құр қол келген жоқпын, менің сендерге дайындаған сыйлығым бар. Мынау жеті түсті жапырағы бар сиқырлы гүл. Әр бір күлтесін жұлып тілек тілесеңдер, тілектерін орындалады.
"Ертегілер әлемі" әнінің минусовкасы қойылады.
Музыка әуенімен ханшайым билеп жүріп
"Жақсы, балалар, қош сау болыңдар!",- деп шығып кетеді.
Асима Ағзамқызы : Қандай ерекше гүл, солай ма, балалар? Сиқырлы гүлдің күлтелерін үзіп көрейікші, тілектер орындала ма екен?
Кәне, балалар, 1- күлтесін балабақша меңгерушісі үзіп алсын, көрейік.
Меңгеруші үзіп алып, тілегін оқиды.
- Балабақшамен қоштасқалы тұрған бүлдіршіндерге сәт сапар тілеймін. М. Әлімбаевтің "Біздің балабақшада" атты өлеңін естігім келеді.
2- күлтедегі тілекті балабақша әдіскері Қания Қалиақперқызына оқытайық.
"Сөз ойла, тез ойла" ойыны ойналсын.
Ойын шарты:
Балаларға бірнеше әріп көрсетіледі. Олар әріпті атап, сол дыбыстан басталатын сөздерді неғұрлым көбірек айтуға тырысады.
3- күлтені

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: