Орта типті автогрейдердің жұмыс жабдығын жетілдіру

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10 | 11  >  >>

еді және қозғалыс кезінде грунт қабатын кесіп оны тасымалдайды.
Қайырманың кесу бұрышы грунт категориясынан тәуелді болады және гидроцилиндрмен реттеледі. Тарту рамасының машинаның бойлық осінен екі жаққа шығуы гидроцилиндр арқылы іске асады.
Автогрейдердің жұмыс жабдығын гидравликалық басқару жүйесі тарту рамасын көтеру және түсіруді, бұрылыс шеңбері және қайырмамен бірге жүзеге асады, қайырманы бұрылыс шеңберімен бірге 3600-қа бұру, машинаның көлденең осінен қайырманың екі жақа бүйір шығуы, көлденең жазықтыққа қайырманы бұрышпен орнату (180-қа дейін), еңісті бұрышпен жобалау үшін қайырманы бүйір шығару (900-қа дейін) қамтамасыз етеді 3.
Жеке автогрейдерлер Профиль типті қайырманы автоматты басқару жүйесімен жабдықталуы мүмкін, ол көлденең және бойлық бағытта қайырманы автоматты тұрақтандыру үшін арналған. Ол машинаның өнімділігін және бетті өңдеу дәлділігін жоғарылатады. Автогрейдерлерде Профиль – 10, Профиль – 20 және Профиль – 30 сияқты автоматты жүйелер орнатылады.
Автогрейдердің жұмыс мүшесін басқару жүйесі бойынша гидравликалық, редукторлы, аралас (электр-гидравликалық, редукторлы-гидравликалық, пневмоэлектрлік және т. б. ) болып бөлінеді. Ең көп таралғаны көлемді гидрожетегі бар автогрейдерлер. Автогрейдерлер екі және үш доңғалақ ості болып ажыратылады.
ДЗ-98 автогрейдері жолдың жер төсемдерінің бетін жобалау және профилдеу, үйінділер тұрғызу, гравий, щебень мен грунтты жол салу мен жөндеу кезінде орнын ауыстыру, кювет, бүйір орларды, шұңқырлар салуда қолданылады. Сонымен қатар, жолды қардан, мұздан тазалауда да қолданылады. Шарнирлі буындасқан рама, бұрылмалы грейдер қайырмасы жол төсемін кең ауықамда қармап алуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бульдозерлік және грейдерлік қайырманы тиімді пайдалана алады. Грейдер қайырмасының толық б

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10 | 11  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: