ұрылысының арқасында артқы жүрісімен қозғалысы кезінде жобалауды да іске асыруға болады. ДЗ-98 автогрейдері ЯМЗ-238НДЗ немесе Cummins М-11С265 сияқты дизельді қозғалтқыштармен және механикалық трансмиссиямен жабдықталады. Бұл автогрейдер 1-ден 4-ке дейін категориялы грунттарда жұмыс істей алады.
ДЗ-98 автогрейдері арнайы техниканың жұмыс жабдығы құрылыс-жол жұмыстарында және коммуналдық шаруашылықтарда үлкен технологиялық мүмкіндіктерді орналастырады. Автогрейдердің маңызды жұмыс мүшесі доңғалықтың алдыңғы және артқы остері арасында орналасатын пышақпен бірге қайырма болып табылады. ДЗ-98 автогрейдері турбоүрлегіші бар жаңа заманғы қозғалтқышымен жабдықталған. Ол биік тау жағдайларында жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Тежегіш жүйесінде негізгі гидрожүйенің гидравликалық сұйықтықтың қолданылуы арқасында эксплуатационды шығындар неғұрлым азайды.
Еңбек өнімділігін жоғарылату және автогрейдер операторының жұмыс жағдайын жақсарту мақсатында жұмыс мүшесін, балансир мен қайырма күйін автоматты басқару жүйесі, пропорционалды датчиктер, автоматты басқару жүйесі балансир мен негізгі раманың арасына орналастырады. Одан басқа, екінші балансирде қосымша датчик орналасқан.
Автогрейдер үш ості машина болып табылады, ол қозғалтқыштан, трансмиссиядан, жүріс бөлігінен, жұмыс жабдықтарынан, механизмдер мен басқару жүйесінен, машинистің жұмыс орнынан тұрады 4.
Жүріс бөлігі – элементтер жиынтығы, олардың көмегімен автогрейдердің қозғалысы және оның тарту күшін дамыту жүзеге асырылады. Автогрейдердің жүріс бөлігіне жетекші белдіктің аспа механизмдерімен бірге негізгі рамасы, доңғалақтармен бірге алдыңғы осьті, сонымен қатар артқы арбашаға біріктірілген ортаңғы және артқы осьтерді доңғалақтарымен жатқызады. Автогрейдердің ортаңғы және артқы белдіктері өзара ауыстырылмалы бо
Страницы: << < 8 | 9 | 10 | 11 | 12 > >>