Қоршаған ортаның экологиялық факторлары туралы жалпы түсінік

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақтың тақырыбы : Қоршаған ортаның экологиялық факторлары туралы жалпы түсінік
Сабақтың мақсаты :
а) білімділік: Экологиялық факторлар туралы жалпы мағлұмат бере отырып, білімдерін тереңдету, Экологиялық факторлардың үш тобына тоқталу,Өлі табиғат факторлары, тірі табиғат факторлары және адамның қызметін оның табиғатқа әсерін қарастыру арқылы сабақты меңгерту;
б) дамытушылық : оқушылардың ақыл – ой таным қызығушылығын арттыру,өз ойларын ашық айта білуге жеке топта,жұпта жұмыс істей білуге дағдыландыру;
в) тәрбиелік: оқушылардың бойына адамзатқа қажетті құндылық қаиеттерді қалыптастыру, адамгершілікке,имандылыққа сабырлы да ізденімпаз болуға тәрбиелеу, табиғатты , жан-жануарларды қорғауға шақыру.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу.
Табиғаттағы барлық жылу – күннен,
Өмірдегі барлық жылу — адамнан. М. Пришвин
Балалар бүгінгі көңіл күйлеріңіз қалай ?
Онда, жақсы көңіл күймен бүгінгі сабағымызды бастаймыз.
II. Үй тапсырмасын тексеру
« Менен сұрақ, сіздерден жылдам жауап »
1 Табиғаттағы тірі организмдердің маңызды қасиеттерінің бірі не?
2 Организмдердің қоректену қасиеттері қалай жүреді?
3 Барлық тірі организмдердегі тыныс алу мүшесі қалай қалыптасқан?
4 Өсімдіктердің тыныс алуы дегеніміз не?
5 Тірі организмдердің зат және энергия алмасуы қалай жүреді?
6 Организмдердің маңызды қасиеттрінің бірі
III. Жаңа білімді меңгерту.
Тіршілік ету ортасы дегеніміз – организм мекен ететін табиғат бөлігі. Тірі организмдер қоршаған ортамен тығыз байланысты. Тірі организмдердің бір- бірімен және сыртқы ортамен қарым – қатынасы туралы ғылым. Экология ( грекше «ойкос» -үй,мекен; «логос» — зерттеу немесе ғылым) деп аталады. Экология терминін алғаш неміс биологы Эрнст Геккель (1866

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: