Әулиекөл ауданының әкімдігінің "Айгөлек"
Әулиекөл балабақшасы" МКҚК
ЖОБАСЫ
Әзірлеген: Оспанова Р. Н. - І санатты тәрбиеші
Әулиекөл с. - 2014
Жобаның ақпараттық картасы
"Орманға саяхат" жобасы.
Жобаның түрі: шығармашыл, қысқа мерзімді.
Жобаның орындалу уақыты: 1 апта.
Жобаның авторы: Оспанова Райхан Набиевна
Жобаның қатысушылары: ортаңғы "Ә" "Көбелектер" тобының балалары (4-5 жаста), ата-аналар, тәрбиеші (орындаушы).
Жобаның эпиграфы: Болса да данасы дананың,
Өсімдік-шын тегі адамның,
Арланып жүрмеңдер ағаш деп,
Алғашқы тегіміз ағаш, шөп.
Біз содан төзім мен нәр алдық,
Өміршең адам боп жаралдық.
Жобаның негізі: "Біз мектепке барамыз" бағдарламасы
Жобаның ғылыми болжамы: "Адам мен орман біртұтас"
Жобаның мақсаты: Орман туралы білімдерін кеңейту. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін дамыту.
Жобаның міндеттері:
Балалардың ойларын жеткізе алуға үйрету, коммуникативтік дамуын бекіту;
Балаларды әдемілікті көріп, сезінуге талпындыру;
Адам мен табиғаттың байланысын түсінуге үйрету;
Табиғатты сүйіп, қорғауға баулу.
Жобаның бағыты: қамқорлық сезімге тәрбиелеу, қызығушылықтарын арттыру.
Күтілетін нәтиже:
Орман туралы білу;
Үлкендермен бірігіп табиғатқа қамқорлық жасау;
Отанын сүйе білуге тәрбиелеу.
Жобаның өзектілігі: Балалардың ойлау тұтастығын, табиғатты қорғау көзқарасын дамыту үшін жыл мезгіліне сай жүйелі, мақсат, міндеті айқындалған экологиялық тәрбие жұмысы жүргізіліп отырады. Экологи
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>