Орманға саяхат

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Тақырып: Орманға саяхат
Мақсат:
Білімділік: Орман аңдарына байланысты түсініктерін толықтыру және бекіту.
Дамытушылық: Балалардың тілдік белсенділігін, қиялын, байқағыштығын дамыту. Бейнелеу өнері, мүсіндеу арқылы балалардың қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Табиғатты аялау, аңдарды қорғауға тәрбиелеу. Балалардың қамқорлық, жанашырлық, сүйіспеншілік, қайырымдылық сияқты адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Әдіс тәсілдер: Әңгімелеу, ізденіс, проблемалық жағдаятты шешу. Табиғатты қорғау, аялау, мөлдір суды ластамау.
Сөздік жұмыс: Аю - қонжығы Түлкі - күшіктері
Қасқыр - бөлтірігі Қоян - көжегі
Дайындық жұмыс: Орман туралы әңгіме өткізу. Орман ішінде тәртіп сақтап ережелерін қайталау.
Құрал-жабдықтар: Суреттер, карточкалар, ермексаз. Гимнастикалық орындық. Үңгір, Шеңберлер.
Сабақтың барысы: (Балалар топқа кіріп шеңберге тұрады)
Балалар, бізге қонақтар келіп қалыпты. Қонақтармен жарқын жүзбен амандасып, көтеріңкі көңіл сыйлайық.
(Балалар шеңбер құрып отырады)
Балалар, бүгін біз орманға саяхатқа барамыз. Кәнеки, саяхатқа
дайынсындар ма? (Дайыңбыз)
Балалар орманда қандай аңдар тұрады, білесіңдер ме? (Білеміз:
Түлкі, Қасқыр, Аю, Қоян)
Дұрыс балалар, орманда қасқыр, түлкі, қоян, аю басқада аңдар
тұрады. Саяхат барысында олармен кездесіп танысатын боламыз. Жолға шығардың алдыңда бәріміз қуаныш шеңберге тұрып, күнмен, аспанмен, достарымызбен амандасып жолға шығайық.
Қуаныш шеңбері:
Сәлеметсіз бе алтын күн,
Сәлеметсіз бе көк аспан.
Сәлеметсіздер ме достарым,
Сендерді көргеніме қуаныштымыз.
Ал, балалар, жолға шығайық!
Тосың сый: (музыкамен ішке сауысқан кіріп келеді)
Біздің орманда бір қызық жағдайлар болып жатыр.
Көмектесіңдер балалар, құтқарыңдар.

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: