аңдарымызға көмектесейік.
Дидактикалық ойын: "Кім қайда тұрады?"
(Әр бала карточканы алып, өз орындарына қояды, тәрбиеші мен балалар жасаған жұмыс туралы әңгімелеседі. Пікір-талас өткізеді)
Балалар, қараңдаршы аңдарға үйлерің табуға көмектестік. Біз
дұрыс жасадық па? (Дұрыс жасадық, өйткені әр аңның өз үйі болу керек)
Тақпақ
Аюға - қожығы,
Құланға - қодығы,
Бөлтірік - қасқырға,
Құралай - киікке,
Жас лағы - елікке,
Құлыны - биеге,
Ботасы - түйеге,
Қоянға - көжегі,
Анаға - бөбегі,
Бәрінен сымбатты,
Бәрінен қымбатты.
Балалар біздің орындалмаған бір тапсырмамыз бар. Ендігі жұмысымыз балықтың үйін табу. Кім біледі, балықтар қайда тұрады? (суда, өзенде, көлде. )
Ал, балалар, жолға шығайық. Қараңдаршы, біздің жолымызда тағы бір кедергі тұр. Көпірді өтуіміз қажет. (Балалар көпірді өтеді)
Балалар өзенімізге де келіп жеттік, балығымызды суға жіберейік. (Өзеннің іші қоқс)
Не болды? Неге балықты суға жібермейсіңдер? (Су лас, судың іші қоқс)
Дұрыс, ластанған кір суға балықты жіберуге болмайды. Ондай болса, не істеу керек? (Суды қоқыстан тазалау керек)
Дұрыс балалар, ең алдымен өзенді тазалау керек. (Қоқысты жинайды)
Енді, балығымызды жіберуге болады. Балалар біздің
балығымыздың көңіл-күйі болмай тұр. Себебі ол жалғыз өзі ғана. Достары да жоқ, сондықтанда көңіл-кұйі де жоқ. Балығымызға ермексаздан дос балықтарды жасап берейік. (Тәрбиеші мен балалар жұмыс жасайтын үстелдің қасына барып жұмысқа кіріседі)
Страницы: << < 1 | 2 | 3