Аңдардың бәрі улап-шулап жүр. Көмектесіңдер! Асығыныңдар, балалар!
Тәрбиеші: Сауысқанға не болды екен? Орманда не жағдай болды екен. Түк түсінбедік, балалар хатты ашып оқиық. (Тәрбиеші хатты ашып оқиды)
Құрметті балалар, сендерге хат жолдап отырған орман иесі.
Біздің орманда ғажайып өзгерістер болып жатыр. Аңдар байқаусыздан үйлерін ауыстырып алыпты. Енді, үйлерінен адасып таба алмай жүр. Орман аңдарына өз үйлерін табуға көмектесіңдерші. Сендерді күтудеміз.
Сәлеммен: Орман иесі.
Балалар көмекке барамыз ба? (Барамыз)
Ендеше, жолға шығайық, бір-бірімізден кейін тұрып жол
бойымен орманға барайық. Абайлап жүріңдер, өйткені алдымызда кез-келген кедергіге тап болуымыз мүмкін. (Балалар музыкамен келе жатады)
Кедергілер:
Ал, балалар, жолымыздағы бірінші кедергі кездесті. Бәріміз бірге
осы тапсырманы орындап шығайық. (Балалар үңгірге кіріп шығады)
Жарайсыңдар, балалар. Саяхатымызды жалғастырайық.
Қараңдаршы, балалар, тағы кедергіге тап болдық, мына саз балшықтан өтіп кетуіміз керек. (Балалар ойнап тұрады)
Жарайсыңдар, балалар, көрдіңдер ме! Білімді - мыңды жығады -
дегендей бәріміз бірігіп, бұл тапсырманы да орындап шықтық. (Музыка
ойнап тұрады)
Сауықтыру, демалы гимнастикасы:
Балалар сендерге табиғи қарағай иісін сезесіңдер ме? (Сеземіз)
Бұл - орманға жеттік деген сөз. Орманның таза ауасымен
демалайық. Мұрнымызбен ауаны жұтамыз, ауызбен ауаны шығарамыз. (2-3 рет)
Білесіңдер ме, балалар, орман - өсімдіктер мен аңдардың үйі. Ал,
біз орманда өзімізді қалай ұстау керек екенің білеміз бе? (Білеміз: шуламаймыз, айғайламаймыз)
Ормандағы ағаш бұтақтарын сыңдыруға бола ма? (Болмайды,
табиғатты қорғап, аялауымыз керек)
Кәнекки, тақтамызға жақындап мына карточкаларды алып,
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>