Тақырыбы: Организмді шынықтырамыз
ҰОҚ-ның оқыту 0. 2. 1. 2. Жүру мен жүгірудің негізгі түрлерін орындау, оларды алмастыру, мақсаты қарапайым дене жаттығуларымен алмастыру.
0. 2. 1. 6. Қашықтыққа, көлденең және тік нысанаға лақтыру.
0. 2. 1. 3. Гимнастикалық орындық пен еңіс тақтайдың бойымен жүру кезінде тепе-теңдікті сақтау.
0. 4. 1. 1. Ойындағы шығармашылық қабілеттерді дамыту (ойынның түрлі нұсқаларын ойлап табу, қимылдарды құрастыру).
Күтілетін нәтижеБарлық балалар орындай алады:
Тізені жоғары көтеріп жүгіру. Түзету жаттығуларын жасау.
Бір-бірінің артына, қатарынан тізбекке тізіліп тұру. Қозғалыс кеңістігінде тізбекпен қауіпсіз жұмыс жүргізу. Спортзалда бағыт-бағдар таба білу.
Орындықта/бөренеде тепе-теңдікті сақтауға арналған жаттығулар орындау. Грек жаңғағымен массаж жасау.
Балалардың көпшілігі орындай алады:
Шаршылардан аттай отырып орындық үстімен жүру кезінде тепе-теңдікті сақтау.
Кейбір балалар орындай алады:
Спортзалда көзді жұмып қоңырау үні бойынша залда, кеңістікте бағдарлау.
Тілдік мақсат Балалар дене шынықтыру ҰОҚ-ның пайдасы туралы білімді жалпылайды; баланың сезім жүйесінің қозғалыс жүйесімен үйлесімділігін қалыптастыру үшін организмді нығайту жаттығулары орындалады.
Пәндік лексика және терминология:
Тізені жоғары көтеріп жүгіру, тік нысанаға дәл көздеп тигізу.
Талқылау үшін сұрақтар:
Организмді шынықтыру дегенді қалай түсінесің?
Қандай жаттығулар арқылы организмді шынықтыруға болады?
Дене шынықтырумен айналысудың қандай пайдасы бар? Нәтижелеріңде қандай ілгерілеушілік бар? Сендерге қандай қимыл-қозғалыстар көбірек ұнайды? Сендерге қандай қимылдар жасау қиын тиді?
Неге екенін айта аласыңдар ма?
Қол массажы не үшін қажет екенін айта аласыңдар ма? Табанға арнал
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>