/> Сарыарқа
Ақсораң (1565 м)
Мұғалжар
Үлкен Боқтыбай (657)
Маңқыстау таулары
Бесшоқы (556м)
Оқушылар физгеографиялық аудандастыру дегеніміз не?
ФГА дегеніміз - аймақтың геологиялық құрылымы, тектоникалық құрылысы, тектоникалық қозғалыстардың жүру үрдісі бірдей, климат типі мен ауа райы алып келетін циркуляциялық және радиациялық режимі ортақ, өзіне тән гидротермикалық режимі тән территория. Оның негізін Н. С. Гваздетский қалаған.
Қазақстан жері климатына, жер бедерімен, геоглогиялық құрылысы ерекшелігіне байланысты 9 физгеографиялық аймаққа жіктеледі:
1. Шығыс Еуропа жазығы
2. Солтүстік Қазақ жазығы
3. Тұран жазығы
4. Сарыарқа
5. Орал
6. Алтай
7. Жетісу Алатауы
8. Сауыр-Тарбағатай
9. Тянь-Шань
Бүгінгі өтетін тақырыбымыз Орал тауына физгеографиялық аймағы.
І. Орал тауына физгеографиялық сипаттама
Орал аймағы туралы ең алғашқы мәліметтер б. з. б 5 ғ. Геродот өзінің "Тарих" атты еңбегіне енгізген. Орыс ғалымдары Жайық өзенін, Орал, Жалпы Сырт қыраты, Жем, Еділ өзендерін зерттеген.
1. 1. Географиялық орны
Орал тауы Еуропа мен Азияны бөліп тұрған шекара. Қазақстанда Орал тауының оңтүстік бөлігі - Мұғалжар тауы орналасқан. Тау Жаманқаланың (Орск) тұсынан басталып, солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла орналасқан, ұзындығы - 450 км, ені 30 км, орташа биіктігі 450-500 м. Ең биік нүктелері - Үлкен Боқтыбай (657 м), Айрық (633 м).
1. 2. Жер бедері мен геологиялық құрылысы
Оқушылар еске ала кетсек Орал тауы ескі таулардың қатарына жататынын 6 сыныпта өттіңдер. Яғни ол миллиондаған жыл бұрын пайда болып, уақыт өткен сайын оның шыңдары мұжілім, аласараған, көп жерлері тегістеліп, аласа төбелерге айналған.
Мұғалжардың пайда болу жолы да, жер бедерінің құрылы
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>