Орал

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

да терек, қайың, емен, тал өседі. Егер Мұғалжардың батыс беткейінің біраз бөлігі егіншілікке пайдаланылса, шығыс бөлігі тек мал жайылымына ғана пайдаланылады. Жануарлары да дала, шөлейт, шөл зоналарына тән аң-құстардан түрады. Дала мен тау аңғарларын ақбөкен, жабайы шошқа, қоян, қарсақ, қасқыр, түлкі, сарышұнақ, аламан мекендейді. Өзен-көлдерінде аққу, қаз, үйрек, қырда безгелдек кездеседі.
Орал алды(Жем) үстірті - Орал алды үстірті Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар тауларының аралығын қамтиды. Үстірттің абсолюттік орташа биіктігі 100 м-ден 300 м-ге жуық. Жем, Қайнар, Сағыз, Ойыл, Елек, Ор, Сарықобда, Үлкенқобда, Бұлдырты, Өлеңті өзендері басын осы жерден алады.
Мұғалжар тауы - Оралдың оңтүстік жалғасы, Ақтөбе облысы аумағында Солтүстіктен оңтүстікке қарай 400 км-ге созылып жатыр. Ені 200 км-дей. Орташа биіктігі 300 м, ең биік жері - Үлкен Боқтыбай тауы (657 м).
Ақтолағай қырқасы - Орал алды үстіртінің оңтүстік-батысындағы қырқалы тау сілемі. Ақтөбе облысы Байғанин ауданы жерінде орналасқан. Сағыз бен Жем өзендері аралығында солтүстік-шығыстан оңтүстікке қарай 90 км-ге созылып жатыр, ені 5 - 10 км, ең биік жері - Қияқты тауы (217 м). Каспий маңы ойпатымен жапсарласып, Жем өзенінің оң жағалауында жатыр.
Жайық өзені - Қазақстан Республикасы (Атырау, Батыс Қазақстан облыстары) жеріндегі өзен. Атырау қаласы тұсында Каспий теңізіне құяды. Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1084 км.
Жем(Ембі) - Каспий алабындағы өзен. Ақтөбе және Атырау облыстары жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 712 км, су жиналатын алабы 40 мың км-ге жуық. Жем Мұғалжар тауының 365 метрлік оңтүстік-батыс беткейінен басталады. Каспий ойпатының шығысын бойлай ағады. Каспий теңізіне жетпей тартылып қалады. Негізінен қар суымен толығады
Қайнар - Жем алабындағы өзен. Атырау обл-ның Жылыой ауд. жер

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: