Қол жұмысы кезінде қолданылатын аспаптар

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақтың тақырыбы:Қол жұмысы кезінде қолданылатын аспаптармен, құралдармен танысу.

Мақсаты:Оқушыларға қол жұмысын орындауға арналған жұмысты дұрыс ұйымдастыруға бейімдеу. Санитарлық-гигеналық талаптарды дұрыс орындай білуді таныстыру;

Білімділігі:қол тігісі кезіндегі қолданылатын аспаптарды дұрыс пайдалануда біліктіліктерін арттыру;

Дамытушылығы:Оқушылардың теориялық білімдерін жетілдіру, практика жүзінде іс-әрекеттерін қалыптастыру, ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты:Мұқияттылыққа үйрету, еңбек тәрбиесіне баулу, жұмыстың жақсы нәтижесіне жете білуге тәрбиелеу;

Құрал жабдықтар мен көрнекіліктер:қол инесі, жіптер, қайшы, оймақ, қазықша,түйреуіштер, тігінші боры, кескіш, сантиметрлік таспа,сөккіш, сәнмүсін;

Пәнаралық байланыс:бейнелеу,математика, музыка, қазақ әдебиеті.

Әдіс-тәсілдері:баяндау, сұраққа жауып алу;

Барысы:
1.
Ұйымдастыру кезеңі.
2.
Өткен тақырыпты қайталау.
3.
Қауіпсіздік ережесі.
4.
Жаңа сабақ.
5.
Қорытынды.
6.
Сергіту сәті
7.
Бағалау.

Балалар біз өткен сабағымызда мата түрлерімен таныстық, енді сендер мата атауларының ,қандай түрлерін білесіңдер?(оқушылар жауабы тыңдалады)
Олай болса мата түрлерінің атауларына байланысты сендерге жұмбақ жасыраман және де үй тапсырмасын осы әдіс арқылы сұрайтын боламын.


Жұмбақтар:
1. Үлбіреген, әсем, әдемі,
Көркімді бәрі біледі.
Сондақтан да тек мені,
Жас адамдар киеді.
Қынай тіккен көйлекпін,
Қыздар көркі түледі.
Табиғаты нәзік неткен
Денеге жұмсақ тиеді.
Сұлулықты кім сүйеді?
Сол жандар мені біледі. (крепдешен)
2. Шымылдық,жапқыш, көрпеде,
Жазғы үлгіге жатамын.
Бояуларым қанық т

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: