мек көрсете білуі керек.
Зардап шеккен адамның өмірі мен денсаулығы әдетте арнайы медициналық білімі жоқ тұлғалардың алғашқы көмек көрсетуіне байланысты болады.
Алғашқы көмектің мәні жарақаттау факторының одан әрі әсер етуін тоқтату, қарапайым іс-шаралар жүргізіп, зардап шегушіні жылдам емдеу мекемесіне жеткізу болып табылады.
Алғашқы медициналық көмек көрсеткен кезде келесі қағидаларды басшылыққа алу қажет: дұрыстық, мақсаттылық, жылдамдылық, байыптылық, шешімшілдік пен ұстамдылық.
Зардап шегушіні қараған кезде жарақаттың түрі мен ауырлылығын, зарарсыздандыру әдісін, мүмкіншілік пен жағдайға қарай алғашқы көмек көрсетуге қажет құралдар анықталады.
Қиын жағдайларда (артериядан қан ағуы, ессіз жағдай, тұншығуы) алғашқы көмек шұғыл түрде көрсетіледі. Егер көмек көрсетушіде қажетті құралдар болмаса, оларды көмекке шақырылған кез-келген адам табуға көмектесуі керек.
ЗАРДАП ШЕГУШІМЕН БАЙЛАНЫС. Алғашқы медициналық көмек көрсеткен кезде жараланған адамдарды дұрыс ұстай білу керек, атап айтсақ зардап шегушінің киімін шеше білу қажет. Бұл көбінесе сүйек сынғанда, қан аққанда, есінен танғанда, температуралық және химиялық күйік алғанда өте маңызды. Зардап шегушінің шыққан немесе сынған қол-аяғынан тарту, денесін аудару – ауруды үдетіп, ауыр жағдайларға әкеп соқтыруы мүмкін.
Әсіресе температуралық және химиялық күйік алған зардап шегушіге алғашқы көмек көрсеткенде алдымен шешіндіру қажет. Қол жарақаттанған кезде алдымен сау қолын шешіндіреді. Кейін жарақаттанған қолды төмен қаратып ұстап жеңін шешеді.
АЛҒАШҚЫ КӨМЕК ҚҰРАЛДАРЫ. Алғашқы көмек көрсеткен кезде таңу материалдары мен келесі алғашқы көмек құралдарынсыз жұмыс бітпейді: аптечка, шкафчик, санитарлық сөмке.
Кейде осы стандартты құралдардың орнына қолда бар: таза қол орамалы, төсек
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>