ы ешқашан үйде, гаражда, жертөледе (подвал) қоспаңыз. Ашық құрған терезе, есік немесе желдеткіш үйдегі улы газды ШЫҒАРА АЛМАЙДЫ.
генераторды далада қосқан күнде де оның ашық терезе мен есіктің қасында тұрмағанына көз жеткізіңіз;
ағаш көмірді үйде, палаткада, машинада немесе гаражда ешқашан жақпаңыз;
ешқашан білмей, дағдыланбай және құралсыз от жаққыш құралдарды орнатпаңыз және қолданбаңыз;
ешқашан газ плитасын, пісіру шкафын немесе кептіру құралын бөлмені жылыту мақсатында қолданбаңыз;
ешқашан пісіру шкафының түбіне фольганы қоймаңыз, себебі ол газдың қалыпты жануына кедергі келтіреді;
ешқашан желдетілмейтін газ құрылғысын жабық бөлмеде немесе жатын бөлмеде пайдаланбаңыз.
Пайдалы сілтемелер:
1) www. emer. kz/survival/methods/index. php - төтенше жағдайлар кезінде аман қалу әрекеттері бойынша әдістемелер мен нұсқаулықтар;
2) www. polismed. ru/f-a-gaz-intoxic-post001. html/ - «Первая помощь при отравлении угарным или бытовым газом» мақаласы.
Интернетарқылы іздеу. Сіз интернет арқылы бұл тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www. google. kz, www. rambler. ru, www. yandex. ru сияқты жүйелерде «газбен улану», «газбен уланбау үшін не істеу керек» және т. б. кілтті сөздерді теру керек.
Страницы: << < 6 | 7 | 8