Қоғамдық пәндерді оқытудың замануи әдіс-тәсілдері

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

ысы- оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне оң ықпал етеді. Ұсынылып отырған бағдарламаның негізгі идеясы сындарлы оқыту теориясына негізделіп отыр. Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тпқырыпты оқып білу кезеінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл үдеріс оқушының өз болжамдарына күмәнмен, сын тұрғысынан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өз түсінігін тереңдетуге, кеңейтуге мүмкіндігін ұлғайтады. Оқытудың бұл түрінде оқушылар маңызды рөл атқарады: олар құрбы- құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды.
Ал, мұғалім болса оқушылардың оқуына мүмкіндік туғызып, оқу материалы және өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз етеді, ал оқушылар болса оқу үрдісі кезінде пән бойынша өз түсініктерін арттыруға ынталы болғаны жөн.
Біздің өмір сүріп отырған қоғамымызда оқушыны жан -жақты білімді, ізденімпаз етіп қалыптастыру ең маңызды мәселе. Оны шешу үшін білім берудің озық әдіс- тәсілдерін әр сабағымызға тиімді пайдалана білу керек. Сол себепті мектеп бағдарламасындағы сабақтарды өтуде Кембридж университеті мен Назарбаев Зияткерлік мектебі арасындағы бағдарламасы ұсынып отырған жеті модульдің кіріктірілуі сөзсіз керек, білім беруде оқушыларды өз бетінше білім іздеуге дағдыландыруымыз қажет. Жеті модульді тиімді қолдана білген жағдайда ғана оқушылардың ойлау қабілеті, қалыптасатын білімдері жан- жақтан жинаған (мұғалімнен, достарынан, интернеттен, кітаптан, т. б. ) ақпараттарына негізделеді.
Дәстүрлі оқыту кезінде оқушының алған білімдері механикалық түрде есте сақталынып, кейбір жерде ұтымды пайдаланылады, бірақ, мәні терең меңгерілмегендіктен оқушылар оны өмірде тиімді пайдаланбайды. О

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: