Қоғамдық пәндерді оқытудың замануи әдіс-тәсілдері

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Қоғамдық пәндерді оқытудың замануи әдіс-тәсілдері.
Ел келешегін айқындайтын басты нәрсе- білім. Соңғы жылдарда елімізде экономиканың өсіп өркендеуіне байланысты білім беру саласында айтарлықтай өзгерістер болуда. Әлемдегі және еліміздегі қарқынды даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына "ХХІ ғасырда нені оқыту керек? , "Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырда қалай дайындайды? деген басты мәселелерді қойып отыр. Бұл мәселені шешу үшін әлем елдерінің білім саласында реформалар жүргізілді, жаңа әдіс -тәсілдер енгізіліп, зерттеулер жүргізілді, тәжірибелер жинақталды. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап ететін білім берудің мәні де осында.
"Мұғалімдер жұмыстарына жеткілікті көңіл бөле білулері керек, оқушының білімі мен дағдыларын дамытуда ғана емес, жалпы алғанда оның оқуын барынша даралау және баланың бойында қалай оқу керектігін үйренуді қалыптастыруға мән бере отырып, оны тұлға ретінде дамытуға икемділік танытулары тиіс".
Қазіргі ақпараттық қоғамда табыспен өмір сүру үшін балалар мен жастар тәуелсіздік алу мақсатында белсенді, сындарлы оқудың тиімді тәсілдеріне тартылуы тиіс. Оқуды дербестендіру мен даралау қажеттігі күн санап өсуде, олар оқушылардың әртүрлі топтарына сезімталдықпен білім алуға толық мүмкіндік береді. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелерінің арасында сындарды оқыту теориясына негізделген тәсіл кең тарап отырғаны барша ұстаздарға мәлім екенін жасыра алмаймыз.
Ұлы қазақ педагогы Ы. Алтынсариннің айтқанындай мұғалім -- мектеп жүрегі болса, оның оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған сыныптағы күнделікті жұм

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: