рсетіңіз. Салмағы 1 кг кіртасын көрсетіңіз, бұның не екенін айтып беріңіз, мүмкін оқушылардың біреуі оны дүкенде көрген шығар. Килограмм -- стандартты өлшем бірлік. Массаның стандартты өлшем бірлігі дүниежүзі үшін бірдей. Сондықтан адамдар масса жайлы килограммен айтқанда бірін-бірі түсінеді.
Оқушыларға жұппен жұмыс жасауды ұсыныңыз. Табақшалы таразыда массасы 1 кг-дық кір тасы-мен кітап, мектеп сөмкесі, жабдықталған қорап, қаламсауыт және т. б. заттардың массасын салыс-тыруды ұйымдастырыңыз. Өлшеу нәтижелерін бы-лай көрсетуді ескертіңіз: "Кітап массасы 1 кг-нан кем"; "Мектеп сөмкесі массасы 1 кг-нан артық"; "Қаламсауыт массасы 1 кг-нан кем" және т. б. Осын-дай жұмыс 1 кг "өлшемі" түсінігін бекітеді және айналадағы заттардың массасы жайлы мөлшермен айту туралы көзқарасты кеңейтеді.
Кітап салынған қорап пен бөлме гүлінің массасын анықта. Оқушыларға мынадай сұрақ-
тар қойыңыз:
-- Қорапты неше кіртасы теңестіреді?
-- Осындай бір кіртасының массасы қандай?
-- Қораптың массасы қанша болатынын ойланып көр.
Бөлме гүлінің массасына байланысты осы сұрақ-тарға ұқсас сұрақтар қойыңыз.
Жауабы:
қораптың массасы -- 5 кг; бөлме гүлінің массасы -- 3 кг.
Қарбыздың массасын анықта. Тапсырманы орындау үшін жұмысты жұппен ұйымдастырыңыз.
Оқушылар қарбыздың массасын қауынның мас-сасы арқылы табатынына бірге ақылдаса отырып көз
жеткізу тиіс. Tапсырманы орындау кезінде қиындық туса, мынадай сұрақтар қойыңыз:
-- Таразыдағы бір қарбызды неше қауын теңес-тіреді?
-- Қарбыздың массасы туралы не айтуға болады? (Екі қауынның массасына тең).
-- Бір қауынның массасы қанша болады? (1 кг)
-- Екі қауын қанша тартады? (2 кг)
-- Бір қарбыздың массасы қанша болатынын
Страницы: << < 24 | 25 | 26 | 27 | 28 > >>