массасы неше текшенің массасына тең?
-- Мәшиненің массасы неше текшенiң массасына тең?
-- Қуыршақтың массасы неше текшенің массасы-на тең?
-- Ойыншықтардың ең ауыры қайсы? Ал жеңілі ше?
Жауабы:
аюдың массасы 9 текшенің массасына тең; мәшиненің массасы 5 текшенің массасына тең; қуыршақтың массасы 6 текшенің массасына тең; ойыншықтардың ішіндегі ең ауыры -- аю, ең жеңілі -- мәшине.
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру
Қосымша тапсырмалар
Өз әрекетіне түсінік бергенде және өлшеудің нәтижелерін айтқанда математикалық терминдерді дұрыс қолдануына назар аударыңыз. "Қарбыз бес ананасқа тең" деп және т. б. айтылғаны дұрыс емес, "Қарбыздың массасы бес ананастың массасына тең" деп айтылу керектігіне назарын аударыңыз. Осы сөздерді есте сақтау үшін "Тепе-теңдік" ойынын ойнатыңыз.
Шарты: оқушылар қолдарын екі жаққа созып тұрады. Олардың қолдары таразының екі жақ басын көрсететінін ескертіңіз. Оқушылар айтыл-ған нұсқауларға байланысты қимылдар жасайды. Таразының оң жақ басы сол жақ басынан ауыр дегенде оң қолдары жағына қарай бұрылады да, "ауырлау" сөзін айтады. Таразының сол жақ басы оң жақ басынан жеңілдеу дегенде, тағы оң қолдары жағына қарай бұрылады да, "жеңілдеу" сөзін айтады. Таразы басы тең дегенде қолдарын бастапқы қалпына келтіреді де, "масса" сөзін айтады. Осы қимылдарды бірнеше рет айтқызып қайталатыңыз.
Суреттегі жеңіл затты қызыл түспен, ауыр затты көк түспен боя. Оқушылар қызыл қа-
рындашпен жеңіл затты, ал көк қарындашпен ауыр затты қоршап белгілейді. Салыстыру визуалды түр-де жасалады. Бұл тапсырма заттарды массасы бо-йынша салыстыру дағдыларын бекітеді.
Дұрыс жауапты белгісімен көрсет. Оқушы-лар заттард
Страницы: << < 21 | 22 | 23 | 24 | 25 > >>