О дыбысы мен әрпі

Страницы: <<  <  14 | 15 | 16 | 17 | 18  >  >>

өрсетіп отырыңыз. Топпен немесе жұппен талқылау кезінде оқушы-лардың коммуникативтік дағдылары дамиды (бірін-бірі тыңдай білуі, өз көзқарасын дәлелдеп айта білуі, сұрақтарға негіздеп жауап беруі).

Ұзындықты өлше. Оқушылар иллюстрацияны пайдаланып, заттардың ұзындығын өлшеуіштің саны бойынша анықтайды. Олар ең ұзын затты анықтап, оны қызыл қарындашпен айналдыра сызады. Содан кейін ең қысқа затты анықтап, оны көк қарындашпен айналдыра сызулары керек.
Жауабы:
шанышқының ұзындығы 4 шегеге; пышақтың ұзындығы -- 5 шегеге; ожаудың ұзындығы -- 6 шегеге тең.
Таспа сал. Оқушылардан сызғышты қолданбай берілген таспадан ұзын немесе қысқа таспаны салуды сұраңыз. Көзбен шолу арқылы таспаның ұзын немесе қысқа болып шыққанын міндетті түрде анықтау қажет.
Үйдің суретін сал. Оқушыларға берілген үйге қарағанда биік үй салдырыңыз.
Бағалау
Оқушылар сабақ соңында:
заттарды ұзындығына, биіктігіне және адамдарды бойына қарап салыстыруды;
заттарды ұзындығына қарап салыстыру нәтиже-сін тіркеуде салыстыру өлшемдерін білдіретін
сөздерді қолдануды меңгереді.
Оқушылардың сабақ материалын меңгеру дең-гейін тексеру үшін сұрақтар қойыңыз:
-- Заттарды ұзындықтарына қарап қалай са-лыстыру керек? (Ненің ұзын немесе қысқа екенін білу керек. )
-- Заттарды биіктіктеріне қарап қалай салысты-ру керек? (Ненің биік немесе аласа екенін білу керек. )
-- Адамдарды бойларына қарап қалай салысты-ру керек? (Кімнің ұзын немесе қысқа екенін білу керек. )
-- Неге биіктік пен бой ұзындыққа жатады? Сендер қалай ойлайсыңдар?
-- Ұзындықты әртүрлі өлшемдермен өлшеуге болады. Барлығы үшін ортақ стандартты өлшем бірліктері керек пе? Қалай ойлайсыңдар? Неліктен керек?
Оқушылардың өзін-өзі бағалауын жұмыс дәп-теріндегі "Жетістік баспалдағын

Страницы: <<  <  14 | 15 | 16 | 17 | 18  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: