ң (төменнен-жоғарыға қарай орналасқан заттар) де ұзындық болып табылатынын түсінді-ріңіз. Ағаштарды биіктіктеріне қарап салыстыруға ұсыныс жасаңыз. Тапсырманы сынып оқушыларының барлығына орындатыңыз және сұрақтар қойыңыз:
-- Суретте қанша ағаш бейнеленген?
-- Олар бойлары бойынша орналасқан ба? (биік-тіктері бойынша. )
-- Олардың арасындағы ең биік ағаш қайсы?
-- Қай ағаш ең аласа?
-- Олардың арасында биіктігі тең ағаштар бар ма?
Ағаштарды бойлары бойынша қоюды ұсыныңыз: аласа ағаштан биік ағашқа дейін және керісінше.
Отбасы мүшелерін бойлары бойынша орна-ластыр. Адам денесінің ұзындығы, яғни адамның биіктігі -- бұл оның бойы екенін түсіндіріңіз. Адамдарды бойларына қарап салыстыруда "ұзын", "қысқа" сөздерін қолданыңыз.
Тапсырманың суретіне қарауды ұсыныңыз. Отбасы мүшелерін бойы бойынша орналастыруды сұра-ңыз. Оқушылар қандай ретпен орналастыратынын өздері таңдап алуы керек. Орындап көр. Барлық оқушыларды талқылауға қатыстырыңыз. Оқушыларға сыныптағы заттарды мұқият қарауды және көзбен ең биік, ең аласа заттарды анықтауды ұсыныңыз. Қай заттар партадан биік, ал терезенің жақтауынан аласа?
Шығарып көр. Оқушыларға суретке қарап, ненің ұзын екенін анықтауды ұсыныңыз: моншақ па, әлде таяқша ма? Тапсырманы орындау барысында оқушылар бұл екі заттың ұштары бір-бірімен дәл келетініне назар аударуы тиіс. Бірақ оқушылардың моншақтың ирек-ирек болып тұрғанына және таяқ-шаның түзу екеніне назар аударуын ескерту керек. Жауабы:
моншақ таяқшаға қарағанда ұзын, өйткені таяқша түзу, ал моншақтың жібі иілген.
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру
Қосымша тапсырмалар
Сабақ барысында оқушылардың өз сөздерінде математикалық терминдерді дұрыс айтып және орынды қолдануына қолдау к
Страницы: << < 13 | 14 | 15 | 16 | 17 > >>