Нәтиже сабақ. Піл, керік

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Күні: 22. 10. 2016 жыл
Сыныбы: 1
Пәні: Қазақ тілі
Мұғалімі: Тақсамбай А. Ж

Сабақтың тақырыбы: "Нәтиже сабақ. Піл, керік"

1. Білімділік. Жануарлар атауларымен таныстыруды жалғастыру. Қазақ тілінің төл дыбыстарын пысықтап і әрпі мен дыбысын айту, жазуға үйрету арқылы білімін толықтыру. "Үлкен, кішкентай" сөздерін түсініп қолдануға үйрету.
2. Дамытушылық. "Үлкен, кішкентай" сөздерімен сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту. Не? Қандай? деген сұрақтарға жауап бере отырып тілдерін дамыту.
3. Тәрбиелік. Қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейтіп, көркем, таза жазуды баулу.

Сабақтың әдістері: көрсету, түсінік беру, сұрақ-жауап, әнгімелету.
Сабақтың көрнекіліктері: суреттер, презентация.
Сабақтың түрі: қорытынды сабағы

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіздер ме, балалар!
- Бүгінгі көңіл күйлерін қандай?
- Балалар, қазір қандай жыл мезгілі?
- Күзде неше айы бар?
- Күз айларын кім атайды?
- Сенің атың кім?
- Күзде қандай өзгерістер болады?
Дұрыс. Жаңбыр жауады, жапырақтар сарғаяды, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, адамдар жылы киім киеді, егін піседі.
Жарайсыңдар, балалар!

II. Өткен сабақты қайталау.
Енді балалар біз өткен сабақтағы әріптерді қайталаймыз.
Мынау қандай әріп? (ә, қ, ғ, ң)
Қандай дыбыс?
Мысалдар келтіріңдер. (әтеш, әже, әке, дәптер, Әлібек, Әлия, қалам, Қарлығаш, Қанат, жапырақ, қазан, Ғалымжан, ағаш, қолғап, қол, сағат, аң, қоңыр, жаңғақ, шаңғы, оң қол).

III. Жаңа сабақ.
а) Балалар, бүгін біз жабайы аңдар туралы жалғастырамыз. Өткен сабақта
біз сендермен аңдармен таныстық. Неге аңдар дейміз? Өйткені олар
орманда тұрады. Оларды атайық

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: