сапасын жақсартуда бізді болашақта ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепге дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелері, білікті мамандар керек.
Сондықтан біз бүгінгі күннен бастап, ертең колледжді бітіріп шыққанда жап-жақсы тиянақты дайындалған маман ретінле өзімізді көрсете алуымыз керек. Заманауи бағдарламалар мен жаңа технологияларды жақсы меңгерген маман ретінде бізге деген сұраныс жоғары болу үшін, осы бастан барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, өзімізді көрсете алу үшін оқып-үйренуіміз қажет. Күн сайын жаңалықтар еніп отырған бүгінгі таңда, жаңалықтардан тыс қалмай, үйреніп қана қоймай, толық игеріп, іс жүзінде жүзеге асыра алатын жан-жақты маман болып қалыптасуымыз қажет.
Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін оқу орындарды Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу ең басты мақсат. Осыған орай, үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғандықтан жаңашылдықпен жұмыс жасауға дайындалуымыз қажет. Ең алдымен өзіміздің білім сапасын арттыруымыз керек. 2013-2014 оқу жылында мазмұнды және оқыту технологиясын жаңарту негізінде орта білім берудің сапасын елеулі арттыру мақсатында экспериментті "e-Learning" электронды оқыту жүйесі біздің колледжге де енгізілді.
"e-Learning" электронды оқыту жүйесі - Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қосылған ауқымды мемлекеттік жоба. Осы жобаны біліп қана қоймай, одан әрі дамытып жүйелендіруге маман ретінде бізде үлесімізді қосамыз.
Қазіргі кезде біздің Ә. Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжімізде "e-Learning" бағдарламасы толықтай орнатылды. Оның артықшылығы ата-аналар ба
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>