көріп отырмыз. Бағалар төмендеп, экономиканың өсімі бәсеңдеді. Әлемдік сарапшылар болжағандай, 2014 жыл мен алдағы екі-үш жыл ішінде әлемдік экономика құлдырайды. Сондықтан, біз жедел түрде бірқатар позицияларымызды қарап, алдағы кезеңдегі жоспарларымызға түзетулер енгізуіміз керек", - деді Елбасы 1.
Елбасының әр Жолдауы - толғауы терең қайталанбас дүние. Биылғы Жолдау да Президентіміздің өзіндік стиліне сәйкес көптеген ерекшеліктерімен ел есінде қалады деген сенімдемін. Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап өз елін жарқын болашаққа бастап келе жатқан Нұрсұлтан Назарбаев сынды Ұлы көшбасшысы бар Қазақ елі - аз уақыт ішінде тарихта бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізді. Бүгінгі Қазақстанның басты мақсаты - экономикасы дамыған, бәсекелестікке қабілетті, ең дамыған 30 елдің қатарынан көріну.
Соңғы уақыттардағы әлемдік экономикалық ахуал, геосаяси дағдарыстар, шикізат ресурстарына әлемдік нарықтағы бағаның төмендеуі жаңа сынақтар мен жаңа экономикалық талаптармен беттестіріп отыр.
Күні кешегі Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы әлемдік экономикалық ахуалдан туған азаматтарымыздың көкейлеріндегі сұрақтарға нақты жауап болды. Президент алдағы жылдарды жан-жақты экономикалық сараптай отырып, негізгі бағыттарды айқындап, Жаңа Экономикалық Саясатты жариялады.
Экономикалық сыни кезеңдерде банк секторына үнемі Мемлекеттік қолдау көрсетіліп келеді. Сондықтан да болар, Мемлекет Басшысы шағын және орта бизнесті экономикамыздың күретамырына айналдыру мақсатындағы жұмыстарға жаңа қарқын бере отырып, кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеу қажеттілігі баса айтылды.
Көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамытудың кешенді жоспары, индустриялық және энерегрикалық инфрақұрылымдарды дамытудағы мақсаттарымыз экономикамызлық қана емес сонымен қатар ә
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>