"НҰРЛЫ ЖОЛ-БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ" - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

"НҰРЛЫ ЖОЛ-БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ" -
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫ
Естай А. Ө.
Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі


Бұл мақалада Елбасының халыққа жолдауы және Ә. Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінде қолданылып жүрген "e-Learning" бағдарламасы туралы жазылған.
Елбасының жыл сайынғы Жолдауы тың идеямен, ел дамуының жаңа бағытын айқындаумен айрықшаланады. Еліміздің басты бағытын айқындап берген жолдау, өз елін, отанын сүйетін, мақтан тұтатын әр адам үшін үлкен міндет жүктейді. Жолдаудың әр жолынан Елбасының елімізде тұтастық пен бірлікті сақтап қалуға, еліміздің берекесін еселеуге, алға қарай ілгеріленуге деген ниеті серпім тұрады, жолдау сонысымен де құнды деп есептеймін. Жастарға деген қамқорлық мемлекеттің дамуы мен оның әлем алдындағы абыройын асқақтатады.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауын жариялады. Жалпы тәуелсіздігімізге жиырма жылдан астам уақыт болған ел егемендігінің тарихына үңілсек, мемлекетіміздің алуан бағыттағы тыңыс - тіршілігінің дамуына бірден-бір ықпал еткен фактор - бұл Елбасымыздың халыққа арналған Жолдауы екендігіне көз жеткізер едік.
"Қазақстан - әлемдік экономиканың бір бөлігі. Сондықтан, әлемде болып жатқан дүниелер бізге де ықпалын тигізбей қоймайды. Мен өзімнің үлкен тәжірибеме сүйене отырып айтарым, алдағы жылдар жаһандық сынақтар жылы болады. Әлемнің архитектурасы өзгереді. Осы қиын кезеңнен барлық мемлекеттер өте алмайды. Бұл кезеңнен тек еті тірі, мықты мемлекеттер ғана өтеді. Қазақстан әлемдік экономиканың бір бөлігі ретінде, геосаяси қиындықтардың орталығында орналасқан ел ретінде осы процестердің барлығының ықпалына ұшырайды. Соның салдарынан не болып жатқанын қазір

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: